Спорт

Күш құрылымдары қызметкерлерінің спартакиадасы



 

  
 
Руслан Қабдыров 7 жылдан бері ішкі істер департаментінде қалтқысыз қызмет етіп келеді. Спартакиадаға өз департаментінің намысын қорғау үшін 2-ші мәрте келіпті. Мықты қарсыластармен өткізген 5 кездесудің бәрінде  Руслан жеңіске жетіп,  1-орынды иемденді.

  Руслан Қабдыров, ІІД қызметкері:  
-Жарысқа көп дайындалдым. Бірақ  жеңу үшін  ең алдымен, жеңіске деген ынта мен талап қажет. Қарсыласым осал болды деп айта алмаймын.  

Самбо кілемінің төріне облыстық ІІД, жол полициясы, 6637 әскери бөлімі мен әскери институт қызметкерлері және шекара сақшылары шықты. Қарулы күштер сарбаздары үшін бұл дәстүрлі шара.

  Галина Скорых,  “Динамо” дене тәрбиесі және спорт қоғамының ұйымдастыру бөлімінің бастығы:
партакиадаға спорттың 4 түрі енгізілген. Алғашқысы осы самбо. Жеңімпаздар жазда өтетін ішкі істер министрлігінің чемпионатында облыс атынан баратын құрамаға кіре алады. Жыл сайын қатысушылар саны мен жарыс деңгейі өсіп келеді.

Жарыстың екінші күнінде бас жүлдені 100 келіден астам салмақтағы самбошылар сарапқа салды. Бұл текетірес 2032 әскери бөлімнің шекара қызметкері Дулат Алпысовтың жеңісімен аяқталды.  Ал 74 кг салмақта жеңімпаз тұғырына Мұрат Жолмұханов көтерілді. Самбошыға  6 кездесудің бірінде де тең келер  табылмады.

  Мұрат Жолмұханов,  СҚО ІІД қызметкері:
– Мен жарыста жеңіске жеттім, қуаныштымын. Көп дайындалдым.  

Жалпыкомандалық есепте әскери институттың құрамасы 1 орынды иеленді. Спартакиада барысында олар шаңғымен жарыс, баскетбол, волейбол сайыстарында да ептілік пен мықтылықтарын дәлелдемек. Мұндай қасиеттерді жарыс қана емес, олардың қызметтері талап етеді.

Кәусар Аяпбергенқызы