Қоғам

Жақсылық Ысқақов – Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

  

Атқарушы билік көптеген мәселелерді шешуде аға буынның көмегіне зор сенім артады. Осындай кішігірім ортада облыс әкімі ардагерлерге тағы бір мәрте алғыс айтуды жөн санады. Олардың даналығы, мол тәжірибесі, ең бастысы белсенділік пен қажырлығы үшін.   

 

 

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің  20 жылдығы, елдегі саяси маңызды оқиға  – ҚР Президентін сайлау қарсаңында құрылды.
Сондықтан бұл құрамға біз көп үміт артамыз. Ардагерлер ұйымдары әрқашан ауқымды жұмыстар атқарып, облыстың қоғамдық -саяси өміріне белсенді араласып тұрады.  

Сол себепті кездесу азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, мал шаруашылығын дамыту және алдағы көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік  мәселелерін де қамтыды. Әрине, 2011 жылғы ең басты оқиға – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы басты назарда.
Бұл мәселелер қариялардың әрбіріне етене таныс әрі түсінікті.  Қоғамдағы ең жауапты салаларда қызмет атқарғандардың бірі – Жақсылық Ысқақовқа бүгін СҚО Құрметті азаматы атағы табыс етілді. Барлық саналы ғұмырын өңірдің өркендеуіне арнаған жерлесімізді жиналғандар құттықтап, өз тілектерін білдірді. Олардың көпшілігімен Жақсылық Ысқақов талай жыл қызметтес болған.

  Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Сіз барлық өміріңізбен, қызметіңізбен біздің көз алдымызда адал еңбек еткеніңіздің ақысы шығар жұрттың сізге деген құрметі.

Өмір жолы ғибратты Жақсылық Ысқақовпен бірлесе жұмыс істеген Серік Біләловтің де еске аларлық тұстары бар көрінеді. Облыс зиялыларының әсерлі кездесуі суретке түсумен тәмам болды.

Кәусар Аяпбергенқызы