Қылмыс

Итімді алып кетті деп кісі өлтірген

 

 

 

 

Жапа шегушінің мүрдесі  Жамбыл көшесіндегі құбырлардың астынан табылған. Тәртіп сақшылары оның саусақ іздері арқылы 46 жастағы қаңғыбастікі екенін анықтады. Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ретінде 2 сезікті қамауға алынған. Олар өздерінің адам өлтіруге қатысы бар екендіктерін мойындап отыр.

 Күдікті:
– Ол менің итімді ұрлап әкетті.  

Күдіктілер араға бір жыл салып кездескен. Арақ ішу барысында өкпесі қара қазандай болған иттің иесі ескі ренішін айтады. Сезіктінің итті бауырына басып қалғаны соншалықты, тіпті адам өлтіруге дейін барған екен.

 Күдікті:
– Ішіп отырып, ит еске түсті, одан әрі бәрі қалай болғанын түсінбей де қалдым.

Бір жағынан иттің бұрынғы иесі, екінші жағынан оның бөтелкелесі жапа шегушіні соққының астына алады. Қызып кеткен екінші сезікті жәбірленушіге 10 жерден пышақ сұққан.

Күдікті:
Мойын тұсына 2-3 рет пышақ салдым,сосын арқасына, бүйіріне сұғуға тырыстым.

Жапа шегуші ауыр жарақат алғанына қарамастан, аман қалады. Алайда  қатты ашуланған сезіктілер оны ақырында өртеп жіберген.

  Талғат Әбілов, СҚО ІІД ТБ аға тергеушісі:
 – Бұл факті бойынша 96-бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Факті  алдын-ала келісіп, топпен адам өлтіру бабы бойынша қаралатын болады.  

Ұсталғандардың бірі бұрын ұрлық үшін сотталған екен. Қазіргі уақытта сезіктілер қамауға алынып, бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айдана Демесінова