Денсаулық сақтау

Тұмауға қарсы шаралар

 

 

 

Үстіміздегі жылдың 5 аптасында облыста өткір респираторлық жұқпалы ауруға 3 005 адам шалдығыпты. Жағдай Петропавл қаласы, Есіл, Жамбыл, Уәлиханов атындағы аудандарда ушығып тұрған көрінеді. Ауырғандардың 73 %-ын  балалар құраса, олардың жартысына жуығы оқушылар. Бірақ тұмауға қатысты әлі бір де бір оқу ошағы карантинға жабылған жоқ. Тек әрбірінде алдын алу шаралары жүргізілуде.

  Юрий Пузиков, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
Қала мектептері 2004 жылдан бері карантинға жабылмаған. Әзірге оның қажеттілігі туып тұрған жоқ. Тек алғашқы белгілер басталысымен бірден дәрігерге көріну қажет. Тұмауға шалдыққандарды ауруханалар басқа науқастардан бөлек қабылдайды.

Аңдамаған жерден аяқтан шалатын тұмауға қарсы күреске бүгінде балабақшалардан бастап үлкен сауда орындарына дейін жаппай кірісіп кетіпті. Бәрінде қатаң бетперде киіп жүру талап етіледі. Ал “Салтанат” бақшасы тұмауға қарсы тұрудың басқа ерекше тәсілдерін қолданып жүр екен: киндер-сюрприз деп аталатын ішінде ойыншығы бар кәмпиттің қорапшасына сарымсақ салып, тұмаудан қорғану үшін пайдаланатын көрінеді. Әдеттегі оксолин майын жағу, дәрумендер ішу, денені шынықтыру сияқты дәстүрлі тәсілдер өзіне бөлек. Мұндағы балғындар әуелден халықтық емге көшіпті. Тамақ ішер алдында міндетті түрде сарымсақ тұнбасын, тамақтан кейін фито шай ішеді. Сарымсақ суынан бас тарта ма деп едік, керісінше балалар онсыз түскі асқа бармайды дейді тәрбиешілер.

 Әлихан Қайроллаев:

-Маған мұнда ұнайды. Біз жаттығу жасаймыз, мен өскенде каратеші боламын.
  Жанна Сапар:

 – Біз ойнаймыз, денемізді шынықтырамыз. Мен өскенде гимнастка боламын.

Қазір күннің уақытша жылымығы өткір респираторлық аурулардың кең таралуына ықпалдасуы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан қоғамдық жерлерде бетперде киіп, оксолин майымен қорғанып жүрген жөн.

 Кәусар Аяпбергенқызы