Әр түрлі

“СБИ-Агро” ЖШС ұжымының жоспары Елбасы Жолдауымен үндеседі

 

“СБИ-Агро” ЖШС-нің ұжымы Елбасының жыл сайынғы Жолдауына үлкен үміт артады. Әлбетте, алдағы күннің мақсат-міндеттері мен басымдықтар айқындалатын маңызды құжатта барлық салалар қамтылады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да бизнесті басым бағыттың бірі ретінде белгіледі. Сонымен қатар кәсіпорын ұжымы ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты айтылған жоспарды үлкен ықыласпен қабыл алды.

  Марина Попова, “СБИ-Агро” ЖШС атқарушы директоры:
Аграрлық секторда ауқымды жоба қолға алынбақ. Бағдарлама мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Яғни, асыл тұқымды түлікті өсіруге үлкен көңіл бөлінеді. Ал бұл дегеніміз өнімнің сапасы жоғары болады деген сөз.

Ал бәсекеге қабілетті сапалы өнім – кәсіпті дамытудың басты шарты екені айқын. Нарыққа шыққанына он жылдан асқан кәсіпорынның өнімін бүгінде еліміздің бірқатар қалаларынан көруге болады. Жүзден астам шұжық өнімдерін шығаратын серіктестік жақында жаңа өндіріс желісін қолға алыпты.

  Марина Попова, “СБИ-Агро” ЖШС атқарушы директоры:
Үстіміздегі жылдан халал өнім шығаруды жолға қойып отырмыз. Бұл шұжық бүгінгі таңда нарықта үлкен сұранысқа ие. Мамандарды арнайы даярладық. Барлығы тиісті курстан өтіп, сертификаттар алды.  

“СБИ -Агро” серіктестігінің өз шикізат базасы бар. Ірі қара мал мен шошқа өсіретін бірнеше шаруашылық кәсіпорынды етпен алпыс пайыз қамтамасыз етіп отыр. Енді ЖШС асыл тұқымды мал өсіруге де дайын. Бұл үшін кәсіпорында жағдай да бар, мүмкіндік те мол.

Айымгүл Әбілева