Денсаулық сақтау

Дәрігерлерге арналған жаңа үй



 

 

 2010  жылы облыста жүз мың шаршы метр баспана қолданысқа берілсе, биыл тағы да ауданы 102 мың шаршы метр тұрғын үйлерде қоныс тойы тойланбақ.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлылығы деп атап өтті. Бүгінгі тапсырылатын 75 пәтерлі үй – тұрғын үй саясатының маңызды нәтижесі.

Өткен жылы облыс орталығының өзінде медицина саласының 225 қызметкері баспаналы болыпты. Биыл да ақ халатты абзал жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында тағы 10 дәрігер жеке пәтердің иесі атанды. Облыс әкімі Серік Біләлов қуаныш иелеріне жаңа баспананың кілттерін салтанатты түрде табыс етті.  Кейін өңір басшысы  қоныстаушылардың шаңырақтарына бас сұғып, құрылыс мердігері “Основание” ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:
 – Жұмысымның дәл қасында, жылы, жайлы пәтер, айналасы ағаш таза ауа.

Сәбира Дайырованың қуанышында шек жоқ. Ол өткен жылдың жазында Тимирязев аудандық ауруханасынан 3-ші  қалалық емханаға бас дәрігерінің орынбасары болып келген. Енді араға жарты жыл салып өңір жетекшісінің қолынан жаңа пәтердің кілтін алды.

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:
Медицина қызметкерлері мен мұғалімдерді әрқашанда бюджеттің адамдары деп жалақыны аз бөлді. Квартира аламыз деп армандасақ та, қолымыз жетпеді.

Медицина саласында 24 жыл еңбек өтілі бар Сәбира Науқанқызы қазір жағдайдың әлдеқайда оңалғанын айтады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгін көптен армандаған 3 бөлмелі пәтерге қол жеткіздім дейді ақ халатты абзал жан.

Сәбира Дайырова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:
 
Медбике, орта білімді медицина қызметкері алып жатыр, дәрігер ғана емес. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Бізде медицина қызметкерлері осы жасаған көмекті ұмытпаймыз. Өз күшімізді   халқымыздың денсаулығын жақсарту саласына жұмсаймыз.

Сәбира Дайырова дастарқан жайып қонақтарын күтуге жанталасып жүр. Зылиқа Темірболатова сіңлісінің қуанышына ортақтасу үшін келген.

 Зылиқа Темірболатова:
Тимиряздан көшіп келгенде үйі болмады. Үй берді өте қуаныштымын. Барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың  саясатының арқасында. Еліміздің осылай жақсарып келе жатқаны қуантады бізді.  

Сәбира Дайырованың көршісі әрі әріптесі қалалық балалар емханасының педиатр-дәрігері Мәриямгүл Сәриева да 12 жыл бойы баспана жалдап тұруға мәжбүр болған. Енді 6 адамнан тұратын үлкен отбасының 79 шаршы метр жерді алып жатқан жеке үш бөлмелі пәтері бар.

 Мәриям Сәриева, Петропавл қалалық балалар емханасының педиатр-дәрігері:
– Елбасының мемлекеттік бағдарламасы, облыс, қала басшылары бізді қолдап, жеке баспанамыз болсын деп қуаттауының арқасында жаңа баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Өте жарық, кең, әдемі заман талабына сай жақсы жасалынған.

5 қабатты тұрғын үйде бір бөлмелі – 11,  екі бөлмелі –  26 және   үш бөлмелі 38 пәтер бар. Әрбірі заман талабына сай өзіне бөлек дизайнде салыныпты.

 Жеңіс Ермұқанов