ТЖ

Ақпан айының соңында қатты жел тұрып, дауыл соғуы ықтимал

 

 

 

 

 

Төтенше жағдайлар департаментіне ақпанның 7-сі мен 8-і күндері аймағымызда қарлы боран болатындығы жайлы хабар келіп түскен. Синоптиктердің мәліметі бойынша, бұл күндері желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетіпті. Сондықтан  жергілікті құтқарушылар қайғылы оқиғалардың алдын алу шараларына кіріскен.

 Асхат Бақышев,  СҚО ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бастығы:
-Бізде көптеген төтенше жағдайларда алдын алу шаралары жасалып жатыр.
Ауа райы суық күндері автокөліктерді тоқтаттық. Осылайша апаттан 29 адам құтқарылды. Жолаушылар жол-жөнекей жылынып, медициналық көмекке жүгіне алатын 24 пункт бар. 

Өңірімізде қар тазалайтын және жол апаттарынан құтқаратын 239 техника бар. Үстіміздегі жылдың қысында түскен қардың мөлшері аз емес. Дегенмен арнайы тазалағыш көліктер өз қызметін еш кедергісіз уақытылы орындап келеді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да қатты жел соғып, боран тұруы ықтимал.

  Асхат Бақышев, СҚО ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің бастығы:
Егер де жолда төтенше жағдайлар болып жатса, онда бірден құтқарушыларға хабарласу керек. Мұндай жағдайларда жанармайды үнемдеген дұрыс. Сондай-ақ тұншықтырғыш газбен уланбас үшін көлікті желге қарсы қойған абзал.

Жыл басынан облысымыздың төтенше жағдайлар департаментінде 1 қайғылы оқиға тіркелді. Мамлют ауданының 56 жастағы тұрғыны аяздан үсік шалып, қайтыс болған.

Айдана Демесінова