Балалар

Жетімдерге әлеуметтік көмек

 

 

 

Семинарда ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жұмыспен және баспанамен қамту  жайы сөз болды. Жалпы өңірде бұл іспен 46 бөлім айналысады. Алайда, кей аудандарда бұл шаруа ақсап тұр.  Ал М.Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов, Мамлют аудандары бұл жұмысқа білек сыбана кіріскен.

Владимир Литвиненко, СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры:
-Осы жылы кей интернат мекемелерінде тексеріс жүргізілген. Онда бірқатар ескертулер мен заң бұзушылықтар анықталып, оларды жоюға байланысты бірқатар шаралар атқарылды.

Өңірімізде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2 107 жасөспірім бар.  Мәселен, Ақжар ауданында  ата-ана қамқорынсыз қалған 60 бала тіркелген. Олардың 7-уі таяуда жаңа отбасын тауыпты.  

  Самал Закарина, білім бөлімінің кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша жетекші маманы, Ақжар ауданы:
-Балалар кәмелетке толмаған.
Оларды кезекке қойып, 18 жасқа толғасын кезек бойынша үймен қамтамасыз ету қажет. Біз ол жұмыстардың басы қасында боламыз.  

Отырыс барысында өткен жылы атқарылған істер қорытындыланып, ағымдағы жылға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

 Айдана Демесінова