Денсаулық сақтау

Өткен жылы санитарлық қызметтің материалдық базасы нығайды

 

 

 

 

2010 жылы санитар дәрігерлердің назарында негізінен  гепатит, туберкулез, тұмау сияқты  жұқпалы және қазірде өршіп тұрған әлеуметтік қауіпті аурулар  болды.  Өткен жылы соңғысын жұқтырғандардың арасында өлім-жітім көп болды. Әйтеуір дәрігерлер қазіргі уақытта жағдай біршама тұрақтанды дейді.

  Жолдасбек Әуелов, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының орынбасары:
– Өткен жылы алдын алу шараларының нәтижесінде 22 аурудың көрсеткіші төмендеді. Гепатит  – 31,5% , респираторлық-вирустық аурулар  – 22%, тұмау -5%, әлеуметтік маңызды аурулар-11,5%, балалар арасындағы сырқаттар 27,5%-ға төмендеді.  

Жылдың қорытындысын облыстағы барлық санитар мамандар біріге отырып талдады. Жалпы айтқанда бірқатар қауіпті аурулар айылын жиды,  дегенмен   біразы керісінше үдей түсіпті. Мәселен, дизентерия 4,1 %-ға өскен екен. Оның алдын алу үшін арнайы штаб құрылыпты. Облыста 4 адамның полиемиелит ауруына шалдыққаны анықталды. Жұқпалы дерт  сапасы төмен, лас суды пайдаланудан да болуы ықтимал. Айыртау ауданының дәрігерлері ондай оқиға бізде кездескен жоқ дейді.

  Әбділман Хайруллин, Айыртау аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы:
Бізде барлық 22 орталықтандырылған су көздері таза, ай сайын қадағаланып отырады. Эспертизалық тексерістен өтеді. Судан болатын аурулар болған жоқ.

Нақ қазіргі кезде үдеп тұрған өткір респираторлық жұқпалы аурулар былтыр 22,2 %-ға төмендеген көрінеді. 16 991 адам өткен жылы уақтылы егуден өтіпті. Ал қазірде тұмаудың алдын алу шараларын өткізудің өткір қажеттігі туып тұр және тиісінше өткізіліп те жатыр дейді мамандар. Тағы бір жағымды жаңалық жиналғандарға көрме түрінде ұсынылды. Оған жаңа құрылғылар  қойылған, 124 млн теңгеге 297  құрылғы сатып алынған.  

Кәусар Аяпбергенқызы