Балалар

Дінаралық келісім тақырыбындағы диалог

 

 

 

 

Зайырлы қоғамдағы діннің орны – бүгінгі тақырып осындай. Мешіт пен шіркеу қызметкерлерінің бұл бағытта жастарға айтары көп. Олар діннің кешегісі мен бүгінгі жайын салыстырып, ҚР-ның конфессияаралық келісімді сәтті сақтап келе жатқанын алға тартты. Кеңес үкіметі кезінде құдайға  құлшылық етуге тыйым салынса, қазіргі таңда елімізде кім қандай дін жолын таңдаймын десе де өз еркі. Ислам мен христиан діндерінің ұстанымдары әр түрлі болғанымен мақсаты, айтатын ақылы бір. Сенім алдымен білімге, бірлікке, мейірімділікке шақырады.

  Қасымхан Абдоллаұлы, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы:
Дінаралық келісім адамдарға ең керек нәрселердің бірі. Өйткені қандай да бір дін жақсылыққа шақырады. Сондықтан адам баласы бір-бірін құрметтеуі керек. Ұлтаралық татулықты сақтау керек.

Бүгінде исламға бет бұрушылардың саны артып келеді. Оны елімізде тұрғызылып жатқан мешіттерден аңғару қиын емес. Мәселен, тәуелсіздікке дейінгі уақытта республика көлемінде 68 мешіт болса, 1991 жылдан бері оның қатары 2300-ге жеткен. Православиелік шіркеулердің де қатары қалыңдады. Сондай-ақ, діни білім аламын деушілерге арнайы мектептер мен медреселер де ашылуда.
Студенттер қауымы, дөңгелек үстелден өздеріне көп мәлімет алып қана қоймай,  өз пікірлерін де білдіріп өтті.

  Инеш Шоқақова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Мұсылман діні болсын, христиан діні болсын барлығы адамды жақсылыққа тәрбиелейді. Меніңше мұндай шараның өткізілуі өте пайдалы.  

Білім ошағында мұндай пікірталастың ұйымдастырылуы бекер емес:  2010 жылдан бастап БҰҰ шешімімен ақпан айының басында халықаралық конфессияаралық татулық күні белгіленген екен.  

Гүлден Сәрсенбаева