Мәдениет

Музыка пәні ұстаздарының семинары

 

 Ауылдық жерлерде музыка пәнін оқытатын мұғалімдер үшін мұндай семинарлар жылына бір рет ұйымдастырылады. Олар өз кәсіптеріне қатысты жаңа кеңестер алып, вокалдық тәжірибелерін шыңдайды. Бүгінгі семинарда репертуарға сай лайықты костюм таңдау, әншіні зал мен аудиторияға үйрету әдістері сөз болды. Ең бастысы көрерменнің жүрегіне жол табу. Айту керек, бұл семинар “Есіл жұлдыздары” концертінің алдында арнайы өткізілуде.

  Ирина Колодаева, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:
Осы айда бізде концерт өтеді. Оған облысымыздағы барлық жас өнерпаздар қатысады. Ал бүгінгі жиын олардың салтанатты кешке жақсы дайындалып келулеріне септеспек. Себебі олардың оқытушылары осы семинардан өздеріне көптеген пайдалы кеңестер алып,шәкірттеріне үйретеді.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы   семинарды жоғары дәрежеде өткізу үшін тәжірибелік сабақтар да дайындаған. Пайдалы шараның екінші кезеңіне сәйкес музыка пәнінің оқытушылары концерт залына өтуге тиісті. Онда олар дыбыс күшейткіш аппаратуралармен дұрыс жұмыс жасау жөнінде кеңестер алады. “Жас дарын” өнер мектебінің оқытушысы Ульяна Поединок аудандық әріптестерін микрофон құпияларымен таныстырмақ. Әзірге өз ісінің білікті маманы шәкірттеріне сабақ беруде.

  Ульяна Поединок, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының вокал пәнінің оқытушысы:
Мен шетелдік вокал бойынша сабақ беремін. Бүгінгі семинарда аудандық оқытушыларды микрофонмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерімен үйретемін. Оның өзіндік ерекшеліктері мол.

Екатерина Чернышева, Ксения Сеничкина және Зарина Рамазанованың облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына келіп жүргендеріне 1 жыл ғана.  Олар Ульяна Поединоктан тәлім алғалы біраз шыңдалып қалғандарын айтады.

  Екатерина Чернышева:

-Біз бұрындары жекелей ән айтып жүретінбіз. Кейін трио құруды ұйғардық. Бүгін үшеуіміз бірге сахнаға алғаш рет шыққалы тұрмыз.

Шеберлік  шыңдауға бағытталған семинардан оқытушылардың алған әсері мол. Енді концерттік залға беттеген ұстаздар тәжірибелік сабақтан одан да жоғары, әрі сапалы ақпарат алатындарына сенімді.

  Серікбай Здуалиев,Талшық мектеп-интернатының музыка пәнінің оқытушысы, Ақжар ауданы:
-Семинардан алған әсерім мол.
Осындай кездесулер жиі-жиі өткізіле берсе деймін. Әрине, бір жолда тоқтап қалмай, тәжірбиемізді шыңдап отыру қажет-ақ.

Гүлден Сәрсенбаева