Әр түрлі

Ақпандағы ауа райы



 

Ақпанның 1-ші онкүндігінде ауа температурасының төмендегені байқалады. Түнде -8- 23 градус аралығында, кей жерде -26 градусқа дейін суытады. Күндіз күн жылы, сынап бағанасы -5-15 градустың маңайында тұрақтайды. Ал 1-ші онкүндіктің ортасына қарай ауаның температурасы жоғарылайды. Түнде 12-17, күндіз 5-10 градус аяз болады.

  Гүлзат Ғазизова, Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы метеоболжам бөлімінің бастығы:
2-ші онкүндікте ауаның басым температурасы түнде 23-28, кей жерде 33 аяз, күндіз 14-19 аяз болады.

Казгидромет мамандарының болжамына сүйенсек, ақпан айының 3-ші онкүндігінде күн суытатын көрінеді. Ауа температурасы түнде -17-33 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

  Гүлзат Ғазизова,Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы метеоболжам бөлімінің бастығы:
-Жауын-шашынның айлық мөлшері норма  шамасында (мөлшері10-16мм) күтіледі.
Кей жерлерде қар жауады.  

Өңіріміздегі қыстың қаһарлы мінез танытуын синоптиктер сібір антициклонының әсер етуімен түсіндіреді. 1951 жылғы ақпан айы халық есінде ең суық кезең болып есте қалған. Ал 1963 жылдың 23-ақпаны күнтізбеде осы айдың ең жылы күні деп белгіленген. Қақаған аяздан қорықпайтын солтүстікқазақстандықтар   қыс мезгілінің оларға осы ерекшелігімен ұнайтындығын айтады.
 

Тұрғындар:

– Қыс мезгілінің, әрине, өз тамашасы бар. Ауа таза дегендей, өзінің қызықты ойындарымен. Сондықтан әсіресе балалар қуанады.
– Солтүстікте тұрғасын үйреншікті жағдай ғой.
– Қыс мезгілі маған ұнайды. Біз доңқардан  сырғанаймыз, коньки тебеміз, шаңғы тебеміз.Жаңа жыл болады.

 Айдана Демесінова