ТКШ

ТКШ реформалау

 

Тұрғын үй-коммуналдық секторы бүгінде айналып өтетін мәселе емес. Президент биылғы жолдауында осы жұмыстарға басымдық берді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі тұрғын үйдің қатары өсті. Жаңа баспаналар салынып жатыр. Мұнымен қоса талай онжылдықтарды артқа тастап, тозған нысандар да жетерлік. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында тұрғын үй секторын толық жаңартудың тиімді жобасын ұсынды.

  Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
–   Үкіметке 2010 жылы “Жол картасы-2009” жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.

Азаматтардың, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.  

  Сергей Худяков, «Петропавл ПИК Ассоциациясы” бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты:
– Бізде жаңа пәтер алу үшін қаржы жинақтау жүйесі бар.
Одан соң тұрғын үй құрылысына не сатып алуға несие бөлінеді. Қазірде елімізде тұрғын үйлердің 50 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жүйе аса тиімді деп ойлаймын.  

Бұл тиімді жүйе туралы халықтың көбі хабарсыз. Немесе білуге ниет танытпағандар. Дегенмен, елдегі әр өзгерісті бақылап, өзінше бағамдап отыратындар да жетерлік.

  Лидия Копотилова – «Мир көшесі, 127 үй” бойынша  ПИК төрайымы:
-Меніңше әркім өзіне есеп-шот ашуы тиіс.
Ол ақша өз үйлеріне кетеді. Бұдан ешкім зиян көрмейді. Есесіне, баспанамыз үнемі өзіміз қалағандай жақсы жағдайда болады.  

«Мир көшесі, 127 үйдегі  ПИК төрайымы Лидия Копотилова «Жол картасының»  тиімділігін пайдалана біліпті. Нәтижесінде ауласы  қаладағы үздіктердің бірі. Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша мұнда 300 метрдей жылу жүйесі ауыстырылып, жаңа қалқан орнатылыпты. Тұрғындар бұл бастамаға бір кісідей араласып, ақша да жинап берді. Сөйтіп, 336 мың теңгеге суық және ыстық су құбыры жаңартылып, тағы 221 мың теңгеге шатыр жөнделді.

Кәусар Аяпбергенқызы