Спорт

Шахматшылар сайысы

 

 

 

 

Үш күннен бері СҚО шахматшылары чемпион титулы үшін күресуде. Жарысқа қатысушылардың барлығы кәсіпқой ойыншылар. Интеллектуалдық спортпен бірнеше жыл бойы әуестенушілердің дәрежесі І разрядтан төмен емес.

Әнуар Шагиров, турнирдің бас төрешісі:
– Мұндай турнирлер арқылы біз қаламыздағы ең мықты спортшыны анықтаймыз.
Осы жолғы сайыс 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған. Жарыс шведтік жүйе бойынша өтуде.


Сайыскерлерді турнирдің ашылуымен Петропавл әкімі, әрі қалалық шахмат федерациясының президенті Нұржан Әшімбетов құттықтады.

  Нұржан Әшімбетов, қала әкімі:
-Біз қала деңгейінде Азиаданы қолдау мақсатында осы жарысты ұйымдастырып отырмыз.
Бүгінгі турнирге қатысушылар 5 орын үшін күреседі. Ең үздік ойыншы – 15 000, ІІ жүлде иегері – 12 000, ІІІ  орын иесі – 10 000, 4-ші көкжиектен көрінген – 7 000, ал үздік 5-ті қорытындылаған – 5000 теңге алады.

Жарыстың ашылу салтанатынан кейін Нұржан Әшімбетов ойынды бірінші болып өзі бастады. Қала әкіміне 17 жастағы шахматшы Рустам Алпысбаев қарсылас болды. Айта кету керек, екі партияда да жеткіншек айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Ал сайыскер өзіне сәттіліктің септескенін айтады.

  Рустам Алпысбаев,  турнирге қатысушы:
– Кандидат
нормасын орындау үшін қатысудамын. Сонымен қатар жүлделі орынға да ие болғым келеді. Болашақта шахматтан чемпион болсам деймін.

Жарыстың соңғы күнінде алға суырылып шыққан 5 шахматшы  өзара чемпион титулы үшін күресті. Нәтижесінде Салтанат Мұқанов 5-ші, Александр Корнев 4-ші орын алды. Үздік үштікті Асылхан Қараев ашты. Евгений Мартяшев күміс жүлдегер атанды. Тартысты ойында Азамат Жарқынбаев барлығын айналып өтіп, І орынды еншіледі.

  Азамат Жарқынбаев,  шахматтан Петропавл қаласының чемпионы:
 –Мен өте қуаныштымын, жеңіске жеткеніме. Менің арманым Қазақстан полуфиналына қатысу.

Азамат республикалық турнирлерге қатысу үшін облыс құрамасына енгісі келеді.

Гүлден Сәрсенбаева