Спорт

“Надежда” клубы салауаттылықты дамытуға үлес қосып отыр

 

 

Осыдан 25 жыл бұрын  Петропавлда  жүгірумен айналысушылардың алғашқы клубы пайда болды. «Надежда»  деп аталған бұл клубтың ұйымдастырушысы  – Алик Азмухаметов . 1986 жылы біз жүгірудің мән-жайын шамалап қана білетін едік. Біздің қатарымыз да көп болған жоқ, жүгіретін қашықтықтарымыз да қазіргідей емес  еді деп еске алады спортшы.

Алик Азмухаметов,  «Надежда» клубының төрағасы:
– Осы 20 жылда жүгіруден 16 спорт шеберіне үміткер шықты арамыздан. Біз қыстыгүні Петропавл-Алматы,  Екатеринбург-Петропавл  арасын бағындырдық.  Ең маңыздысы – 3200 шақырымдық Ладейное  даласына   сапар.   

Осы марафондардың барлығына қатысқандардың бірі Вячеслав Махнев –құрылған күннен клуб мүшесі.  Спортпен 40 жылдан бері айналысып келеді. Соңғы бір жарым жылда Вячеславпен бірге зайыбы Флюра Невешкина да жүгіру жолына шығып жүр.

Флюра Невешкина:
Мен  жұртты спортпен айналысуға шақырамын, одан қорықпау керек. Біртіндеп ол өзіне тартып алады, тіпті телевизор қарауды да ұмытасың, өйткені денең қозғалғанды ұнатып тұрады.

Вячеслав Махнёв:
Спортқа осынша көңіл бөліп отырған Президентке рақмет. Біздің қаламызда да ұдайы жарыстар өтіп жатыр. Алда одан да жақсы болады деп үміттенемін.

Бұдан да жақсы болатынына «Надежда» клубындағылардың ешқайсысы да шек келтірмейді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты бойынша спортқа  бөлінетін қаржы да көбейе түсуде.  Бұл әлемдік жарыстарда жеңіске жетуге  жетелейді деп есептейді желаяқтар.  Ал қаңтардың 21-і күні 7-ші қысқы Азиаданың Петропавлда өткен Алау эстафетасына клубтың 7 бірдей өкілі қатысты. Бұл ұмытылмайтын оқиға дейді олар.

Алик Азмухаметов,  “Надежда” клубының төрағасы:
Қолыма алауды ұстап жүгіріп өткендегі алған әсерім марафонда мәреге жеткеннен кем болған жоқ.