Спорт

Онлайн режимінде өткен сабақ Азиадаға арналды

 

Сабақ сұрақ-жауап түрінде басталды.

 

-Ең алғашқы Азия ойындары қай жерде және қай жылы өтті?

– Азия ойындары тұңғыш рет 1951  жылы Үндістан елінде өтті.  

Кәрі құрлықтағы ең ірі жарысқа Қазақстанның қатысу шежіресі, статистикалық мәліметтер. Ондағы негізгі қысқы спорт түрлері мен басты ережелерді оқушылар бес саусағындай білетіндіктерін танытты. Қазақ жерінде өтіп жатқан Азиядада ел намысын қорғап жүрген солтүстікқазақстандықтар жайындағы сауалдарға интеллектуалдық ойынға қатысушылар қысылмай оңай жауап қайтара білді.

 Оқушы:

– Осы Азиядаға қатысатын жерлестеріміз: Татьяна Сокирко, Елена Урванцева, Дмитрий Бабенко, Роман Креч және Аслан Тоқбаев.

Отандастарымыздың тартысқа түсетін спорт түрлері мен қашықтықтары  да  өңір оқушыларының жіті назарында. 4 кезеңнің бірінде де мүдірмеген “Алау” мен “Барыс” құрамаларының мүшелері бір де бір сауалды жауапсыз қалдырмады.

 Ермек Ыбраев, “Парасат” мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Бескөл селосы:

-Бүгін Азиаданың басталғанына үшінші күн. Бүгінгі таңда қанша алтын, күміс, қола медаль алғандарына дейін оқушылар  өздерінің білімдерін жақсы көрсете алды.Оқушыларды салауатты өмір салтына және спорт тақырыбын жақсы білетіндігін көрсетсе екен деп өз елінің патриоты болуға тәрбиелеуге сабақтың негізгі мақсаты болатын.  

Дегенмен сайыстың аты сайыс. Сондықтан жылдам әрі толыққанды мардымды жауап қайтара білген “Барыс” командасы жеңімпаз деп танылды.  

 Досым Есқожа, “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы, Бескөл селосы:
-Бүгінгі өткен іс-шара өте менің көңілімнен шықты.
Маған өте ұнады. Өйткені осы сыныптан тыс сабағында Азиида жайлы көптеген мағлұматтар білдік. Біз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. 7-ші қысқы Азиаданың Қазақстанда өтіп жатқанына біздің кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді.  

«Парасат» мектеп-лицейінде өткен интеллектуалдық доданы онлайн жүйесі арқылы Қызылжар ауданынның 7 бірдей мектебінің оқушылары тамашалады. Ал өзге жалпыға бірдей білім ордалары ғаламторда сақталған танымдық сабақты кез келген уақытта қарап шыға алады.
 

Жеңіс Ермұқанов