Денсаулық сақтау

Медициналық қызметтің қолжетімділігі артады

 

 

 

Дамыған елдің басты табысы – дені сау ұлт. Кешенді тексеру шараларын жүргізудің аурудың алдын алуда маңызы зор. Сондықтан қолға алынған бағдарламалардың әр қазақстандыққа жетуі бақылауда. Биылғы Жолдауда да Елбасы ауылдықтарға медициналық көмекті жеткізу жолында бірқатар тапсырмалар берді.

  Олег Завьялов, облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

Еліміздің әр облысына арнайы тікұшақтар бөлінеді. Тікұшақпен мамандарды науқас жатқан елді  мекендерге жылдам жеткізуге болады.

Жолдауда аталған медициналық кешендердің, яғни, автоклиникалардың да маңыздылығы зор. Әзірге облыс орталығындағы тәжірибелі дәрігерлер аудандар мен елді мекендерге автокөліктермен шығып жүр.

Олег Завьялов, облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

-Облыстық аурухананың дәрігерлері бірнеше жылдан бері консультациялық бригаданың құрамында ауыл-аудандарға барып, науқастарды қабылдап жүр. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Жоспар бойынша мамандар үстіміздегі жылы 26 рет шықпақшы.

Аудандарға негізінен көз дәрігерлері, невропатологтар,  кардиологтар, урологтар барады. Ал Президент атаған телемедицинаның жемісін бүгінде әр ауруханадан көруге болады. Өткен жылдан бері аудандық дәрігерлер облыс орталығындағы әріптестерінен тікелей ақыл-кеңес алу мүмкіндігіне ие болған. Әуелгіде телемедицина таңсық болса, бүгінде дәрігерлер жаңашыл техниканы күнделікті қолданып жүр.

 Дина Әшімова, облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары :

-Телемедицина өткен жылдың басында енгізілді. Осы уақыттың ішінде аудандағы мамандар облыстық аурухана дәрігерлерімен тікелей 537 байланыс өткізді. Аптасына 60-70 консультациялық кездесу жүргізіледі.

Жаңа техниканың арқасында науқастың өзімен де тілдесу мүмкіндігі бар. Осылайша уақыт үнемдеу, қажет жағдайда ауырған адамды облыс орталығына жеткізу жолдары қарастырылған.

Әсем Рахметова