Спорт

Каратэшілер арасындағы біріншілік



 

Жарыс 7-15 жас аралығындағы 60-қа жуық жеткіншектің басын қосты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа іріктеліп, каратэнің “ката” және “кумите”түрлерінен күш сынасты.

  Ғалым Өркешов,  күрестен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры:
– Бұл жарыс 7-қысқы Азия ойындарына арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің біріншілігі.
Каратэның әр түрлері бар. Өз өнерлерін балалар жеке сында және жұптасып күресіп көрсетеді.

Мырзахмет Амандақов спортқа осыдан бес жыл бұрын келген. 11 жасар каратэшы 2 дүркін ҚР  чемпионы атанды. Қоңыр белбеу иесі бұл жарыста да көзге түсіп, 2 бөлімде де жеңімпаз атағына ие болды. Мырзахметтің ендігі мақсаты  – Республикалық додада өңіріміздің намысын абыроймен қорғау.

  Мырзахмет Амандақов, сайыс жеңімпазы:
Мен қазір осы жарыстарға қатысып, 1-орын алдым. Болашақтағы арманым Кентауға барып, Қазақстанда 1-орын алып, КМС атағын алу, 1-данға тапсыру.

Сондай-ақ , Алдияр Жанабергенов және Темірлан Қадыров 2 бөлімде де жақсы нәтиже көрсетті. «Ката» бойынша Никита Мордвинцев , ал «кумитэ» бөлімінде Степан Кубраков ең жас жеңімпаз атанды. 8-9 жасар спортшылардан базалық қимылдар жүйесі бойынша Егор Евченко алға шықса, күрес бөлімінде Тұрлыхан Талапкеровтың бағы жанды

Айдана Демесінова