Білім

Білім беру саласы жаңартылады

 

 

 

 

Халықаралық аккредитациядан еш қиындықсыз өтетін кемінде 2 қазақстандық университет 10 жылда әлемнің үздік деген жоғары оқу ордаларының қатарына енуі тиіс. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ондығына енеді. Универститет ұжымы бағындырған жетістіктерін болашақта одан әрі жетілдіру үшін Елбасы ұсынған тың жобаларға сүйенеді. Оны тәжірибеге енгізіп, жемісін де көріп жүр.

  Сейілхан Өміржан, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

– Біріншіден,  атап кетсек халықаралық талаптарға көшу. Екіншіден, білім беру сапасын көтеру. Үшіншіден, жас мамандарды қолдау.  

Солтүстікқазақстандық университет  Елбасы жүктеген осы бар талаптарға жауап береді. Президент еліміздегі үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда білікті мамандардың қажеттігін айтқан болатын. Бұл жерде жоғары оқу орындарына артылатын жүк жеңіл емес.

  Сейілхан Өміржан, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

 -Индустриялық- инновациялық бағытқа сәйкес жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Ол мамандықтар қажет ауыл шаруашылығына , өнеркәсіпке, әрине, қаржы секторына да бұл бағыт қажет. Біздің университетте осы жұмыстар атқарылып жатыр.  

Қазір елімізде 37 ғалымның бірі ғана тікелей мамандығына қатысты  ғылыми істермен айналысады екен. Сондықтан бұл бағытта пайдасы шамалы ғылыми кеңестердің жаңа оқу жылынан жабылуы да оқытушылардың қолдауын тауып отыр.

  Сейілхан Өміржан, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

– Ол бұрынғы Совет Одағынан қалған жүйе ғой. Сондықтан еуроодақтың білім беру жүйесіне ұмтыламыз. Үш деңгейлі білім болу керек. Бакалавриат, магистратура, докторантура. Қазір жаңа кеңестерді ашу қажет. Жаңа ғылыми жұмыстарды қарауға, олардың сапалығын көрсетуге, жас мамандарды қолдауға шаруа жасау керек.  

Президенттің бастауымен еліміздің әр өңірлерінде салынып жатқан интеллектуалдық мектептер жоғары оқу орындарына дарынды балаларды даярлайтын кешенге айналуы тиіс.

  Сейілхан Өміржан, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы және несие кафедрасының аға оқытушысы:

– Ондай мектептер ашу керек. Өйткені дарынды   түлектер бізге қажет. Бірыңғай тестілеу өткеннен кейін олар бізге қабылданып, жоғары сапалы білімдерін көрсетеді.  

Білгендеріне білім қосып оқудың соңында жүрген студенттер де соңғы жолдау қуанышты жаңалықтар ала келгендігін айтады.

Досан Есенов, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Болашақта білікті маман болғым келеді. Елбасының  жолдауын естідік.
Өте қуаныштымын. Білім саласына көп көңіл бөледі. Ең бастысы жолдауда көрсетілгені сапалы білім беріп, еліміздің жарқын болашағын дайындау.

Осылайша ұлт көшбасшысы биылғы жолдауында білім беру кешендерінің санын емес, сапасын арттыруға баса тоқталып, жоғары білім ордаларын жаңартып жетілдіру керектігін айқындады. Ол үшін әлемнің озық үлгідегі технологиялары мен тәжірибесін пайдаланып, халықаралық талаптарға сай қазақстандық университеттер құру қажеттігі туып отыр. Бұл  Қазақстанның жарқын болашағын құрудың айқын кепілі болмақ.
 

Жеңіс Ермұқанов