Бизнес және экономика

Мамандар бағаны бақылауда

 

 

 

Азық-түлік бағасының шектен тыс өсуі қадағалушы органдардың жұмысына түрткі болды. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша монополияға қарсы агенттіктің аумақтық инспекциясы өткен жылы Петропавлда тіркелген 43 сауда базарын бақылауға алыпты. Анықталған қорытындыға сәйкес қазіргі Реестрге өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды.

  Еркеғали Әлімқұлов,  Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша монополияға қарсы агенттіктің аумақтық инспекциясының бастығы:
– Былтырғы реестрде 73 сауда базары болды. Ал 2011 жылдың 5 қаңтарындағы мемлекеттік реестрге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы  аумағында тауар шығаратын 56 субъект бар.
 

Облыста қалыптасқан жағдайды сараптау үшін Қостанайдан келген бәсекелестікті қорғау агенттігінің бастығы Еркеғали Әлімқұлов баға өсімінің негізгі себептерін айтып өтті. Ол алдымен, көкөніс сақтау қоймаларының аздығы және Кеден Одағына енген көршілес мемлекеттердегі бағалардың жоғарылығы. Мәселен, Ресейдің Челябі қаласында картоп құны 220, Омбыда 200 теңгеге жетіпті. Бірақ жергілікті басқару органдарының күшімен қаладағы баға қалта көтерерлік қалпына келді деп сендірді олар.

  Еркеғали Әлімқұлов, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша монополияға қарсы агенттіктің аумақтық инспекциясының бастығы:
із осындағы әкімдікпен бірлесіп  баға саясатын тұрақтандыру бағытында жұмыс жасадық. Олар бәрін салмақтап, қабыл алды. Қазір Петропавлда көкөніс пен жеміс бағасы бұрынғы орнына келді. Бұл бағытта әлі атқарылатын іс көп.

­Өткен 2010 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзғандарға қатысты 10 тексеру жұмысы жүргізіліпті. Салынған айыппұл көлемі 3 млн 101 теңгеге жетті. Әзірге оның 780 мыңы ғана қайтарылған көрінеді.