Қылмыс

Дүкен тонаған бойжеткен


Таңғы сағат 11-дің кезінде облыс орталығындағы дүкендердің біріне жас қыз кіреді. Тұтынушы пакетін азық-түлікпен толтырып алғаннан кейін қалтасынан ақшаның орнына пышақ алып шыққан. Сатушыны қорқытқан қаскүнем осылайша 5 мың теңгенің өнімін олжалайды. Онысы аздай, 1 литрлік арақтың бөтелкесімен дүкеншінің басына соққы жасаған. Абырой болғанда, сол мезетте дүкенге сатушының жолдасы кіріп келіп, бойжеткенді ұстап алған.  
Мамлют ауданының 22 жасар тұрғыны  Петропавлға тонау  жасау үшін келіпті. Өз әрекетін сезікті жұмыс пен ақшаның жоқтығымен түсіндірді. Сол күні бойжеткен жалғыз дүкеншісі бар, бақылау камералары мен тұтынушылары жоқ дүкенді іздестірген екен.

Наталья Милёшина, Петропавл қалалық ІІБ                   2-полиция бөлімінің аға тергеушісі:
– Осы факті бойынша ҚР ҚК 170-бабының 2-бөлімінің “в” және “г” тармақтарына сәйкес жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіріп, баукеспелік шабуыл жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Қазіргі уақытта бас сүйегінен жарақат алған дүкенші ауруханада жатыр

Айдана Демесінова