Әр түрлі

Аңшылар мен балықшылар қоғамының жиыны

 

Бүгінгі таңда облыста ресми тіркелген 2 800 саятшы мен балықшы бар екен. Кезекті 17 есеп беру-сайлау  конференциясына жиналған әр табиғат жанашырының міндеті сондай әуесқойлардың ермектерінің заң шегінен шығып кетпеуін қадағалау. Өткен жылда Мамлют ауданының қорықшылары аңшылармен нәтижелі жұмыс істепті.

Александр Новичков, Мамлют ауданының аға қорықшысы:
– Біз жануарлар санының кемімей, тұрақтылық сақталуын, аңшылық маусымдарының ережелерге сай өтуін қадағалаймыз, аң-құстарға орманда қажетті жағдайлар жасаймыз.
Біздің Мамлют шаруашылығында қазір 240 адам бар. Енді олардың қатарын көбейту қажеттігі туып тұр.

Мәжіліс саятшылар мен балықшылар қоғамындағы мамандарды қызметтеріне қайта бекітуден басталды. Өздерінің үйреншікті міндеттеріне бірден кіріскен қорықшылар өткен бесжылдық үшін есеп берді.

Василий Руденко, СҚО саятшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы:
– Өткен бесжылдықты біз сәтті аяқтадық. Негізгі жоспардағы жұмысты асыра орындадық. Қазір қоршаған ортаны қорғау мен дамытуға көп қаржы бөлінеді. Соның есебінен біздің жұмысымыздың сапасы да артады.

2006 – 2011 жылдар аралығында облыс бойынша заңсыз аңшылықпен айналысқан 1105 адам ұсталып, 310 хаттама толтырылды. Олардың көбі Аққайың ауданында тіркеліпті.

Кәусар Аяпбергенқызы