Көлік және жолдар

Таксилер тексерілді

 

 

 

 

 

Жол полициясы мен көлік инспекциясының мамандары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдке алғаш рет шығып тұрған жоқ. Өткен жылы екі құрылым бірлесіп, автобус пен троллейбустарды тексерген болатын. Биыл қаңтардың 10-нан ондай бақылауға такси жүргізушілері алынып отыр. Өкінішке қарай, бұл топтағылардың арасында “Автомобиль көлігі ” және “Автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау тәртібі” туралы ҚР заңына құлақ аспайтындар жиі кездесетін болып шықты. Оны алдын алу шарасы көрсетті.

  Андрей Марков, Көлік инспекциясы СҚОФ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы:
Рейд басталғалы бірнеше олқылықтар анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты 24 хаттама толтырылды. Оларға салынған айыппұл көлемі 150 мың теңгеден асады.

Рейдтік тексерістер – такси жүргізушілері үшін үйреншікті құбылыс. Алайда бұл көлікке байланысты заңсыздықтардың кемуіне еш септеспей тұрған сыңайлы. Жүргізушілер  автомобильге қатысты кейбір заңдылықтардың орындалмауын машинаның қызмет ерекшелігімен түсіндіреді. Мәселен, Игорь Кастюк бүгін көлігінің есіктеріне такси  белгісін жапсырмағандықтан айыппұл төлегелі тұр. Автомобиль иесі жолаушылармен қатар үйлену тойы сияқты думандарда да қызмет көрсететінінайтады, бұл орайда  арнайы белгілермен жүру ретсіз деп есептейді. Көлік инспекциясының қызметкерлері такси жүргізушілері тек керек құжаттарын алып, тиісті белгіні тағып жүрсе болды дейді.

Бақытжан Ибрагимов, Көлік инспекциясы СҚОФ көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бас маманы:
-Құжат дұрыс болмаса ескертеміз.
Екінші рет болмаса айып саламыз. 5 айлық есептік көрсеткіш  бойынша.

Бір түндік рейдте жол полициясы мен көлік инспекциясының мамандары 5 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Тәртіпсіз көлік иелеріне 25 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Гүлден Сәрсенбаева