Билік

Қалалық мәслихаттың 34-ші сессиясы өтті.



 

Депутаттардың  қарауына ұсынылған жаңа бағдарлама 2011-2015 жылдарға арналған. Бес жылға межеленген іс-қимыл жоспарында барлық салалар қамтылыпты. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы осы жылдар ішінде қол жеткізілуі тиіс көрсеткіштерді тізді. Мәселен, 2015 жылы облыс орталығында жұмыссыздық деңгейі алты пайызға дейін төмендемек. Ал балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жетпіс алты пайыздан асып жығылады деп күтілуде. Алайда бағдарламаны әзірлегендер бұл нәтижелерге қол жеткізу жағы мен қаржының қалай жұмсалатынын толыққанды қарастырмаған. Бұндай олқылықтарға жол берілмеуі тиіс деді депутаттар.  Халық қалаулылары бағдарламаның өзге де шикі тұстарын алға тартты. Құжаттың әрбір тармағына дерлік қояр талаптары бар. Жетілдіретін жерлері көп-ақ. Бұған қоса қаланы дамытуға арналған бағдарламаның жобасын депутаттар енді ғана көріп отыр. Құжат өткен жылдың қараша айынан әзірлене бастаған.

  Евгений Хан, қалалық мәслихат депутаты:
-Бізге жартылай шикі құжатты ұсынбай, алдын ала бірге қарауымыз керек еді. Біз мұнда сол үшін жұмыс істейміз.

Құжатты қабылдауға келгенде депутаттық корпус екіге бөлінді. Біреулері барлық ескертулерді есепке ала отырып құптау керек десе, енді біреулері бағдарламаны  жетілдіру қажет деген пікірде.
Сессияда құжат жан-жақты талқыланды. Халық қалаулылары атқарушы биліктен олқылықтардың орнын толтыруды талап етті. Бірақ бұған енді уақыттың жоқ екенін айту керек.

  Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
Біздің басшыларымыздың бұл мәселелерге жете көңіл бөлмегені ұят. Атқарушы билік  кейін орындай алмай қаламыз деп өзіне міндет қоюға әрдайым қорқақтайды. 

 Айымгүл Әбілева