“Тәуелсіздік тарихы – жетістіктің тарихы”

Қоғам

11:10 26 Қаңтар 2011

 

Марина Носова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің бетке ұстар студенттерінің бірі. Оқу озаты жастар саясатында да белсенділік танытып жүр. Дөңгелек үстелге «Жас мемлекеттің құрылуының негізгі кезеңдері» атты баяндама әзірлеген екен. «Әрбір азамат өз елінің көркеюі үшін мол үлесін қосу керек»,- дейді Марина.

  Марина Носова, «Жалынды жүрек» студенттік саяси-дискуссиялық клубының жетекшісі:
Мен Қазақстан тәуелсіздік алған жылы тудым. Сондықтан да өзімді бақытты деп санаймын. Қазақстанның мерейі үшін еңбектенгім келеді. Әрбір азамат еліміздің көркейіп, үлкен жетістіктерге жетуіне бар күшін салса нұр үстіне нұр болар еді.

Тәуелсіз Қазақстанның аз уақыт ішінде бағындырған белестері аз емес. Осы жылы Астана қаласында өткен Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, сондай-ақ елорда мен Алматы қалаларында ұйымдастырылатын 7-қысқы Азия ойындары еліміздің халықаралық беделін асқақтатты. Дөңгелек үстелге жиылғандар ел тәуелсіздігі жылдары жеткен толағай табыстар жайлы сөз етті.

  Данияр Әбутәліпов,  «Нұр Отан» ХДП СҚОФ «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Негізгі мақсатымыз – студенттер арасында, белсенді жастардың арасында патриоттық сезімді арттыру және осы 20 жылдың арасында басты оқиғаларды көрсетіп, жастар ұйымы өздерінің жұмыстары жайлы айтады.

Баяндамашыларды ұйып тыңдаған белсенді студенттер мұндай отырыстардың берер өнегесі мол екендігін айтады.

 Мирас Әбжанов,  СҚМУ студенті:
-Бүгінгі дөңгелек үстеліміз ҚР 20 жылдығына орай өткізіліп жатыр. Ол патриоттық сезімді тудырады және келешекте Қазақстанның дамуына үлес қосуына себеп болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралар болашақта да жалғасын таппақ.

Айдана Демесінова


Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының отырысы өтті
Өңірдегі 26 мыңнан астам мүгедектің өмір сүру сапасы жақсармақ
СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев Якорь округінің тұрғындарымен кездесті
Өңірде жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат берілді
Қазақ жерінен пана тапқан түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры
Білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу
Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы
20-ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні
Болашақ Отан қорғаушылар шақырту пункттерінде тіркеуден өтуде
Өңірде “Жылулық сыйла” акциясы өтуде
1 наурыз – Алғыс айту күні