Құқық қорғау органдары

Облыстық сот 2010 жылды қорытындылады

 

 

 2010 жылдың 12 айында облыс судьялары қараған қылмыстық істер көлемі бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда артық. Олар өңіріміздегі 3063 тұлғаға қатысты қозғалған өндірісті толығымен сараптаудан өткізіп, тиісті шешім қабылдаған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 200 іске көп. Алайда  апелляциялық және қадағалау тәртібі бойынша үкімді бұзу төмендесе керек.

  Нұрғазы Әбдіқанов, СҚО сотының төрағасы:
Апелляциялық және қадағалау тәртібі бойынша үкімді тоқтату ісі 16-дан 9-ға дейін кеміген. 2010 жылы 7 адамға шығарылған үкім заңға енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты қайта қараудан өтті.

Облыстық сот қызметкерлері  жұмыс күшін заңсыз пайдаланатындарды да баса назарда ұстайды. Оған қатысты өткен жылы 11 014 іс қаралған. Ол заңсыздықтардың мазмұны қызметкерлерді еш дәйексіз жұмыстан шығару және жалақысын уақытылы төлемеуге саяды. Сот бұндай тұлғалардың конституциялық құқығын ҚР ҚК 24-бабы бойынша қорғайды. Ол құжатқа сәйкес жұмыс берушілер міндетті түрде тиісті жауапқа тартылмақ. Сонымен қатар судьялар алқасы ата-ана қамқорынсыз қалған балдырғандарды халықаралық асырап алу бойынша да істер қараған.  

 
  Нұрғазы Әбдіқанов, СҚО сотының төрағасы:
 – Облысымызда ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндерге қамқоршы болуға ниет білдірген 21 іс тіркелген болатын.  Осындай өтініштер  егжей-тегжейлі салмақталып, 27 баланы асырағысы келген отбасылардың сұранысы қанағаттандырылды.
Оның ішінде Петропавлдан 14 балғын алынды. Ата-ана болғысы келетіндердің арасында АҚШ, Испания, Франция, Бельгия азаматтары да бар.

СҚО соты қылмыстық істерді қарастыру бойынша елімізде 8-ші  орында. Ал сенім дәрежесіне байланысты 4-ші сатыға тұрақтаған. Осы орайда судьялар жұмыс нәтижесінің кадр мәселесіне тірелетінін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда маман тапшылығы айқын сезіледі. Мысалы, Жамбыл ауданында  судьяның қарауына берілген іс көлемі белгіленген көрсеткіштен 3,5 есе көп.

Гүлден Сәрсенбаева