Білім

Білім беру саласын дамытудың жаңа бағдарламасы

 

 

 

 Ағымдағы оқу жылының 1-2 тоқсанында еліміздің мектептері 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеді. Ал биыл алдағы онжылдыққа арналған бағдарламаны жүзеге асыру қолға алынды. Жаңа бағдарламада білім беруді модернизациялауға қатысты маңызды мәселелерді шешу қарастырылған. 12 жылдық білім беруді енгізу алдағы онжылдықта нақты жүзеге асырылмақ.

  Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім беру басқармасының бастығы:

-12 жылдық білім беруге қалай көшеміз, осы мәселелер кеңінен айтылды. Әр облыстарда, аудандарда 12 жылдыққа қалай көшірілетінін біз жүзеге асыруға тиістіміз. Бұл жұмыс 2015-2020 жылдары жүргізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыруда білім сапасын арттыру, мамандардың бәсекеге қабілеттілігіне, педагогтардың мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп отыр.

  Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім басқармасының бастығы:

-Мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселесі айтылды. Олардың жалақыларын нақты сектордағы адамдар алатын жалақыға жеткізу керек.

Алдағы бес жылда оқулықтармен, сандық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттің үлесіне қалтырылмақ. Алдағы онжылда ҰБТ-ге барлық түлектерді қатыстыру да жоспарда бар. Әзірге бұл сынақ өткен жылғы дәстүрмен өткізілмек.

  Темірғали Әбілмәжінов, облыстық білім басқармасының бастығы:

– ҰБТ өткен жылғыдай болады. Еш өзгеріс жоқ.

Электрондық білім беруге де толыққанды көшу жоспары жасалған. Үстіміздегі жылы еліміздегі 44 білім ошағына электронды кітаптар жүйесі енгізілмек.
 

Әсем Рахметова