Қоғам

Елбасының өкілеттігін ұзарту туралы бастама сахнагерлердің де қолдауына ие

 

 

 

 

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры Солтүстік өңірдегі өнердің үлкен қара шаңырағы. Елбасының өкілеттігін ұзарту мақсатында  референдум өткізу мәселесінде бұл ұжым алдыңғы саптан көрінді. Театрдың көркемдік жетекшісі Біржан Жалғасбаев Өскеменде өткен алғашқы жиынға бастамашыл топтың мүшесі ретінде қатысып қайтыпты.

Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:
– Референдумға қатысып, 800-ге жуық халықтың Елбасы туралы пікірін тыңдап, көптеген әлемге танымал азаматтардың, халық қаһармандарының пікірін тыңдап, азамат ретінде мәртебеміз көтеріліп қалды.

Аталмыш өнер ордасы Қазақстандағы кәсіпқой 52 театрдың ішінде жұлдызы жарқыраған алғашқы бестігінде екен. Тәуелсіздіктің оныншы жылында ғана сапқа тұрған ұжым үшін мұндай деңгейге шығу әсте оңай болған жоқ. Дегенмен театрдың бүгінгі саңлақтары, бір кездегі оның алғашқы қарлығаштары жоқтан барды жасады десе де болады. Әрине, оның бәрі мемлекеттің зор қолдауымен жүзеге асты. Бүгін де мәдени сала уақыт көшімен жарыса дамып келеді.

  Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:
 -Әлеуметтік жағынан жаңадан келген жас актерларға пәтерлер беріліп жатыр, айма-ай жалақы төленеді, гастрольдік сапарларға жиі шығып тұрамыз.
Мұның бәрі мемлекеттің қолдауының арқасында деп ойлаймын.  

Күллі облыстың тіпті республиканың өнерге шөліркеген жұртшылығын сүйсіндірген театрда бүгінгі күні 140-қа жуық адам қызмет етеді. Олардың барлығы бір кісідей Елбасының саясатын қолдайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ұлан -ғайыр жобалардың сол адамның жетектеуімен жүзеге асуын қалайды.

  Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:
 – Елбасымыздың алға қойған жоспарлары, сарабдал саясаты меніңше біз бір болсақ, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, сол жоспарларға жетеміз деп ойлаймын.

Кәусар Аяпбергенқызы