Қылмыс

Бескөлдік екі қарақшы ұсталды

 

 

 

 

«Қызылжар» таксиінің жүргізушісі түн ортасында Шаховское селосына шақыру алды. Барған жерінде оның көлігіне екі мас жігіт мініп, Бескөл селосына апаруды сұраған. Айтылған бағыт бойынша жолға шығысымен күтпеген келеңсіз оқиға орын алды.

 Жәбірленуші:

-Мойныма пышақ тақады, не айтамыз дейді соны істейсің,  немесе өлтіреміз деді.

Осылайша күш көрсетіп, дөрекі мінез танытқан жолаушылар жүргізушінің ұялы телефоны мен қалтасындағы мың теңгесін тартып алды. Бұзақылардың бірі рөлге  жайғасады. Жәбірленуші ыңғайлы сәтті пайдаланып, көліктен сытылып шығып, қаша жөнелген. Қаскөйлер оны қуып жете алмады. Жапа шеккен ер адам үш сағат бойы қар кешіп, жаяулатып, Петропавлға жетеді. Бір сағаттың ішінде полицейлер тонаушылар мініп кеткен «Ауди 80» көлігін қылмыс орнынан алыс емес жерде тапты. Қарақшылар ащы суды көп жұтып қойғаннан болар, рөлге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіне шығып кетіпті. Көп кешікпей облыс орталығындағы таныстарының пәтерінде жасырынып жатқан сезікті екі жігіт те ұсталды.

  Нұрым Қазбеков,  Қызылжар АІІБ бастығының орынбасары:
езіктілердін екеуі де  қамауда.

Қос қарақшы қылмыс жасалған күні Шаховское селосындағы туыстарында қонақта болыпты. Қас қарая үйлеріне қайтпақ болып такси шақыртқан. Қалталарында бір тиын ақша болмағандықтан осылай қылдық дейді.  Алайда  әрекеттері  алдын-ала жоспарланған қылмысқа ұқсайды.  

 Күдікті:

-Мен көліктің  артына отырдым, сыбайласым алдына жайғасты, кейін мен жүргізушінің мойнына пышақ тақап, біздің айтқанымызды істесең, бәрі де жақсы болады, әйтпесе өлтіреміз дедім.

Алаяқтар телефонды 4 мың теңгеге сатып жіберіпті. Түскен ақшаны көңілді кешті жалғастыру мақсатымен арақ-шарапқа жұмсаған. Қазір телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Енді қос айыпталушы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

 Жеңіс Ермұқанов