Білім

Қалалық пән олимпиадасы аяқталды

 

 

 

 

 

16 бірінші, 34 екінші және 37 үшінші орын. Бұл «Бэст» мектеп-гимназиясының қалалық олимпиадада жүлдеге ие болған оқушыларының саны. Нақ осы көрсеткішпен аталмыш білім ордасы былтырғы жылғы үздік нәтижелерін биыл да қайталай алды.

  Қамар Есқұлова, «Бэст» мектеп-гимназиясы  директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
қушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Тарих, ақпараттану, математика пәндері бойынша орындар саны былтырғыдан артып отыр.

Әйгерім Қажырахымова құқықтану пәні бойынша өз қатарластарының бәрін басып озыпты. Ізденімпаз қыз 1 орынды  ең алдымен еңбегінің лайықты бағасы деп біледі.

  Айгерім Қажырахымова, «Бэст» мектеп-гимназиясының оқушысы:
айындығымды былтырғы оқу жылында бастадым. Соған қарай мен үшін бұл сын қиын болған жоқ. 2 тақырып берілді, әрқайсысына әр түрлі көзқарас білдіру керек болды. Оны оңай орындап шыққан сияқтымын. Енді облыстық олимпиадада да бар білімімді қолданамын.

Ұйымдастырушылар оқушылардың білім деңгейлері жыл санап артып келе жатқанын айтады.

  Марал Мәтенова, қалалық білім бөлімінің дарынды балалармен жұмыс жүргізуші әдіскері:
Биыл олимпиада жақсы өтті. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар  200 маңайында,  енді облыстық олимпиадаға жолдама алады.

Облыстың үздіктерін жинайтын олимпиаданың келесі кезеңі осы жылдың наурыз айында өткізілмек.

Кәусар Аяпбергенқызы