Мәдениет

Аружан Дулатованың суреттері Жапонияда өтетін байқауға қатысады

 

“Петушок” балабақшасының тәрбиеленушісі Аружан Дулатова  “Көңілді ән” , “Жайлауға”, “Әжемнің суреті” атты туындыларымен көзге түсіп, ақтық сайысқа шыққан 9 үміткердің қатарына кірді. Енді олардың жұмыстары Жапония елінде өтетін қорытынды жарысқа жіберілмек.   

  Аружан Дулатова, “Петушок” балабақшасының тәрбиеленушісі:
Маған сурет салған өте ұнайды. Әсіресе Отан, туған жер тақырыптары өзіме жақын. Осы мазмұндас жұмыстарым көп.  

Аружанның ата-анасы үшін бұл күтпеген жағдай   болды.

  Әсемгүл Тоқмырзина,  Аружанның анасы:
Дипломды алу үшін Алматыға бардық. «ЮНЕСКО»  клубы бізді жылы қарсы алды. Мен қызым үшін өте қуаныштымын.

Балалар шығармашылығы байқауы  ЮНЕСКО  бағдарламасы аясында өткізіліп тұратын дәстүрлі шара. Онда Қазақстан Республикасы екінші рет, ал біздің облыс алғаш рет бақ сынауда. Шарт бойынша фестивальға Азияның 25 елі ғана қатыса алады. СҚО-ның бір өзінен 60 баланың 300 жұмысы жіберіліпті.
Өткен жылы осы жарыста Алматының 12 жастағы тұрғыны Роза Аманжолова жеңімпаз атанған. Айту керек, жобаның сыйлықтары қомақты. Бірінші орын иесіне 2 000 АҚШ доллары беріледі.

  Надежда Зуева,  “ЮНЕСКО клубы” бейнелеу өнері лицейінің директоры:
Байқауға Қазақстанның атынан 5 200 еңбек жіберілді. Атап өткім келетіні,  біздің облыс оған бірінші рет қатысты. Соның өзінде 9 баламыз қорытынды кезеңге шығып, біреуі Жапонияда болатын жарысқа жолдама алды.

Келесі байқау тек екі жылдан кейін ғана өтеді. Ал жас суретшілер болса, өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді қағаз бетіне қазірден бастап түсіреміз дейді.

Гүлден Сәрсенбаева