Қоғам

Қызылжар ауданы тұрғындарының 68 % Елбасының өкілеттігін ұзартуды қолдайды



 

  
 Қазақстан ЕҚЫҰ саммитін өткізді, санаулы күндерден соң елімізде қысқы Азия ойындары басталмақ, зейнетақы мен жалақы жыл санап өсіп жатыр, мектептнр мен ауруханалар көбеюде. Мұның бәрі еліміздің сәтті қадамдарының айқын белгісі дейді Жасұлан Қазбеков.

 Жасұлан Казбеков, Елбасы өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдау жөніндегі республикалық бастамашыл топ мүшесі:
 – Мұның бәрі Елбасымыздың елеулі еңбегінің, салиқалы саясаты мен жоғары беделінің нәтижесі екендігін бәріміз білеміз. Сонымен қатар, оның алдағы уақытқа құрған жарқын жоспарларының өмершеңдігі де халыққа белгілі.  

Қызылжарлықтардың қолдары жиналған алғашқы күндерді Жасұлан Қазбеков күле отыра әңгімеледі. Аудандағы зейнеткерлер мен ардагерлер жаңалықты ести сала, асығып қолдарын жинапты. Тіпті мұндай мемлекет үшін жауапты сәттен шет қалып қоямыз  деп қобалжығандар да көп болыпты. Кейбірі өздері тізім құрып, белсенділік танытыпты. Қарттарға бұл жерде немерелері көмекке келген. Қолмен жазылған парақтарды, әрине, комиссия қабылдамас еді. Оны білген қариялар қол қою пункттеріне барып, жалықпай кезекте тұрыпты. Есептей келгенде, жиналған дауыс саны күтілген нәтижеден әлдеқайда асып түсті.

 Жасұлан Қазбеков, Елбасы өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдау жөніндегі республикалық бастамашыл топ мүшесі :
– Республика бойынша сіздер білетіндей 54% дауыс жиналды.
Біздің облысымыз ол жөнінен тізімнің қақ ортасында. Ал Қызылжар ауданынан халықтың 68%  Нұрсұлтан Әбішұлын қолдайтындықтарын білдірді.

«Бірлігі жарасқан мемлекетті  халқына тәуелсіздіктің туын ұстатқан адам жетелеуі тиіс» дейді солтүстікқазақстандықтар.

Кәусар Аяпбергенқызы