Спорт

Петропавлда қаңтардың 21-де алау эстафетасы өтеді

 

 

 

 

Қазақ жерінде өтетін 7-ші Қысқы Азиада ойындарының алау эстафетасы қаңтардың 21-і Петропавл қаласын аралап шығады. 12 шақырымға созылатын отты шеру өтетін негізгі жолдарды қардан  тазалау үшін арнайы техника мен адам күші жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы тұз бен құм қоспасы себіліп жатыр. Жол жиектеріне қысқы Азиаданың басты нышаны қарлы барыс бейнеленген 70-ке тарта билбордтар мен банерлер тұрғызылыпты. Алау ұстаушыларға бағыт- бағдар берер 1 200-ге тарта жалауша орнату көзделген. Отты эстафета 2 кезеңге бөлінген. Алғашқы бағыты Абылайханның ақ үйінен басталып, Абай мен Пушкин ескерткішіне барып тіреледі. Бұл аялдамадан кейінгі достық шырағы тоқтайтын соңғы нүкте   Погодин атындағы орыс драма театры. Осы аралықтағы негізгі шеру өтетін К. Сүтішев, Ж. Жамбыл, М. Әезов, Е.Бөкетов, Мир, Пушкин, Интернационал, Партизан және С. Мұқанов көшелеріндегі көлік қатынасы уақытша тоқтатылады. Облыс орталығының негізгі тас жолдарындадағы     өзгеріс сағат 11-ден 5-ке дейін жалғасады. Алау ұстап жүгірушілер өткен жолдар бірден соңдарынан ашылып отырады.

Жеңіс Ермұқанов