Құқық қорғау органдары

Жоғалған кеме табылды

 Кеменің қолды болғанын көрген «Арго» дәмханасыны

ң қожайыны Юрий Пискунов бірден полицияға хабарласқан. Ұрлықты ашуға иісшіл иттер тартылады. Иттер қылмыскердің ізіне түсіп, тәртіп сақшыларын жақын арадағы аулалардың біріне апарған. Осы жерден сезіктілер кемені шанаға тиеп әкетіпті. Шананың ізі облыстық балалар ауруханасына дейін жеткенімен , бұл маңды тінту еш нәтиже бермеген. Кейін полиция қызметкерлері темір қабылдайтын орындарды бақылай бастады. Ұрланған кеме дәл осы жерден табылған. Күдіктілер еш жерде жұмыс істемейт

 

ін азаматтар болып шықты. Олардың бірі бұрын ұрлық жасап, сотталған екен. Сезіктілер құны 100 мың теңгені құрайтын отыз келілік темір кемені келісін 20 теңгеден небары 600 теңгеге сатқан. Пайданы ішімдікке жаратыпты. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кеме иесіне қайтарылды.

  Юрий Пискунов, «Арго» дәмханасының директоры:
Мен  қылмысты аз уақыт ішінде ашып, қаламыздың көркіне айналған кемемізді тауып бергендері үшін полицейлерге шын жүректен алғысымды білдіремін.

Кеме қайта жөнге келтірілген соң, дәмхана қожайыны оны тұрағына мықтап бекітпекші. Өйткені көздің жауын алатын су көлігі мекеме кірісіне оң әсерін тигізетін көрінеді.

Айдана Демесінова