Билік

Жаңа тағайындаулар

  
 

 

 

 

Еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды бақылау департаментінің жаңа тағайындалған қызметкерлері өз міндеттеріне дүйсенбіден кірісті. Ал бұрынғы мемлекеттік еңбек инспекторы, Ғалымбек Ғайсин бүгіннен бастап құрметті демалысқа шығып отыр. Зейнеткер бұрынғы әріптестеріне еңбекте табыс тіледі. Өйткені жергілікті ведомство республика бойынша ұдайы жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Жалпы 5-ші орыннан төмендеп көрмепті. Ал 2008 жылы тіпті 1- орынға шығыпты. Былтыр да облыстық департамент нәтижелі еңбек етті.

  Төлеген Оспанқұлов,  ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің еңбекпен қамтуды бақылау және әлеуметтік бағдарламалар Комитеті төрағасының орынбасары:
 – 2010 жылдың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық инспекторлар 1-ші орынды иеленді.

Мұндай үздік көрсеткішке қол жеткізуге жұмыс берушілерден өндірілген 26 млн теңге айыппұл сеп болыпты. Енді бұл қызметті одан әрі жалғастыру Арман Жәлеловтың еншісіне тимек. Астананың бұрынғы мемлекеттік еңбек инспекторы енді біздің облысымызда еңбек адамдарының құқығын қорғамақ.
Ал департамент директоры болып Жанахмет Тасшығұлов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Биыл да ведомствоға маңызды тапсырмалар жүктелді. Оның ең бастыларын облыс әкімі Серік Біләлов атап өтті.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Елбасымыз еңбекпен қамту ісін аса маңызды санап, алдыңғы қатарға қояды. Биыл тәуелсіздігімізге   20 жыл толмақ. Сондықтан бұл жылы да бірігіп, жақсы жұмыс істеуіміз қажет.

Кәусар Аяпбергенқызы