Билік

“Нұр Отан” ХДП СҚО филиалы төрағасының жаңа бірінші орынбасары

 

 

 

 Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Әлібек Картов Ресейдің Орынбор облысының тумасы. Орынбор ауылшаруашылығы институтын, Ресей басқару академиясының аспирантурасын аяқтаған. Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы кеңшарлардың бірінде зоотехниктен бастады. Бірқатар  облыстарда жергілікті атқару комитеттерінде қызмет атқарды. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы кеден органдарында еңбек еткен. 2008 жылдан бері СҚО кедендік бақылау департаментін басқарды. Әлібек Намимұлының партиялық жұмыста да тәжірибесі мол.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:

– Әлібек Картов “Отан”партиясы орталық аппаратының ұйымдастыру-партиялық, кейін идеологиялық жұмыс бойынша департаменттерінің директоры қызметтерін атқарды. Біздің партиямыздың құрылуына үлес қосқан азаматтардың бірі. Сондықтан облыстағы партиялық жұмыс тиісті деңгейде болады деп сенеміз.

Әлібек Картовқа еліміздегі жетекші партия филиалының жұмысына соны серпін беріп, алға басқызу, азаматтардың мүддесін қорғап, республикадағы игі бастамаларға қолдау көрсету міндеті жүктеліп отыр.

  Әлібек Картов, «Нұр Отан! ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі тағайындау облыс әкімінің, партия филиалы төрағасының, активінің, Орталық аппарат басшылығының маған артқан үлкен сенімі деп білемін. Жауапкершілікті сезіне отыра бар білімім мен тәжірибемді облыстық партия ұйымы  жұмысының алға басуына жұмсаймын.  

Облыста желтоқсанның 24-і мен қаңтардың 9-ы аралығында партияның бастауыш ұйымдарының 386 есептік жиналысы өткен. Бұл күндері аудандық филиалдарда саяси бюро отырыстары ұйымдастырылып жатыр. Партия филиалының төрағасы жүйелі, нәтижелі жұмыс күтетіндігін айтты.
Сондай-ақ, “Нұр Отан” партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасына нақты ұсыныстар жасау қажет.
Әсем Рахметова