Білім

Кітапхана қоры толықты

 

 

 

 Облыстық кітапхана тұрақты оқырмандарын жаңа әдебиеттермен әрдайым қуантады. Мұнда жылына 8 мыңдай кітап түсіп тұрады екен. Бұл жолғы әдебиеттер арасында бұрын-соңды баспа бетін көрмеген тарихи кітаптар, балаларға арналған әңгімелер, тіл сындырғыш оқулықтар бар.

  Балкүміс Тоқжанова,  С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:
 –  Өткен жылы 15 жылдығын тойлап едік Конституцияның, соған байланысты Қазақстан Конституциясы деген кітап келді. Өткен жылы Б.Момышұлының мерейтойын тойладық. Майдангер-жазушының да кітаптары бар.


Қан майданның қақ ортасынан жазылған Халық қаһарманы Б.Момышұлының еңбектері де оқырман көңілінде ерекше орын алары сөзсіз. Қазақ халқының теңдесі жоқ қазынасы жинақталған  аса құнды жинақ «Бабалар сөзі» де сөре төрінен орын алды. Бұл жолы оның 66 томы келді.  Осы әдебиеттердің алғашқы оқырмандары өздерін қызықтырған еңбектерді таңдап да үлгерді. Кітапты рухани азық деп білетін аға буын өкілдері олардың құндылықтарын бір көргеннен бағалады.

  Таңат Сүгірбаев,  «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
 – Заңгер, академик С. Зимановтың кітаптары бар. Одан кейін Ә.Бөкейхановты білгенмен оның шығармаларын оқыған жоқпыз. Міне  3 томдығы жатыр.
Содан кейін жерлестерміздің еңбектері бар.

Іздегенге кітаптан басқа СД, DVD дискілер, сөздік, аудио-кітаптар да табылады. Ағылшын тіліндегі әдебиеттер тура Қазақстандағы АҚШ елшілігінен жеткізіліпті.

Кәусар Аяпбергенқызы