Құқық қорғау органдары

Германия азаматы героинмен қолға түсті

 

 

 

 

  28 жастағы жолаушы Петропавлдың теміржол вокзалында қолға түсті. Тексеру кезінде Германия азаматынан аса ірі көлемдегі героин табылып, ол бірден қамауға алынды.

  Жандос Жәмет, Петропавл станциясының ЖІІБ ақпарат тобының инспекторы:
-Жеке заттарын тексеру барысында курткасының оң жақ қалтасынан есірткі затын тауып алдық. Оның салмағы 2,93 грамды құрайды.

Шетел азаматы Қазақстанға өте үлкен мақсатпен келіпті. Күйеу жігіт басына күн туатынын сезбесе керек.

  Наталья Васильева, Петропавл станциясының ЖІІБ тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
– Германия азаматы Петропавлға үйленуге келген.
Ол желтоқсанның 29-ы заңды түрде некеге де тұрған.
Әзірге күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол ҚР ҚК 259 бабының 1-ші бөлімі мен 1-ші тармағы бойынша 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырыл
уы мүмкін. 

Полицейлер тұтқындалған азаматтың 2006 жылдан бері нашақор ретінде тізімде тұрғанын айтады. Улы затпен басында жай әуестеніп, кейін ол тәуелділікке ұласқан. Қалыңдығын үйіне алып кетуге дайындалып жатқан жас жұбай енді Германия елшілігін көмекке шақырып дабыл қағуда.

Гүлден Сәрсенбаева