Бизнес және экономика

Өткен жылы салық мол түсті

 

 

 

 

 
Жыл өткен сайын еліміздің экономикалық жағдайы тұрақтанып келе жатыр. Өндіріс орындары көбейіп, халықтың әл-ауқатының жақсара түскені көрер көзге анық байқалады. Бұл жағымды құбылысты қазынаға төленетін салық мөлшері де дәлелдей алады. 2010 жылы СҚО салық департаменті республикалық бюджетке жоспардағы  9 млн 725 мың теңгенің орнына 11 млн 247 мың теңге құйыпты.

  Ескен Әкімжанов,  СҚО салық департаменті салық заңнамаларын түсіндіру басқармасының бастығы:
 -Мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша болжамның орындалуы 108,5 пайызды құрады. Болжам кезінде 25 749,1 млн теңге. Артық орындау 2 187,7 млн теңге.

Артық төлемдердің көп бөлігі түрлі өнімдерді алып-сатумен айналысатын жеке тұлғалар есебінен түседі. Оның ішінде алкогольді ішімдіктерді  сақтап, бөлшектеп өткізумен айналысатындарды биыл өзгеріс күтіп тұр. 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап лицензия Салық департаментінде берілетін болады. Ол үшін аталмыш органға тиісті құжаттар тапсыру қажет.

  Ескен Әкімжанов, СҚО салық департаменті салық заңнамаларын түсіндіру басқармасының бастығы:
 -Өтініш, заңды тұлға үшін өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу куәлігі мен жарғының нотариалды куәландырылған көшірмелері. Жеке тұлға үшін жеке куәлігі және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Осы өнімге қатысты ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 8-желтоқсандағы №2041 қаулысына да өзгеріс енгізілді. Дәлірек айтқанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларының 2007жылғы нұсқасын тіркеп бақылау мерзімі   2011жылғы  1-наурызға дейін ұзартылады.  

Кәусар Аяпбергенқызы