Билік

Референдумды алғашқылардың бірі болып қолдадым дейді Петропавлдың Құрметті азаматы

 Александр Егорович Петропавл қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүргенде Теміртау партия комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен талай кездескенін еске алады. Кейін Елбасымен өткен бірнеше жиналыстарға қатысып, ел өміріндегі маңызды мәселелер талқыланған кездесулердің бел ортасында болды. Президент сайлаулары кезінде қолдау көрсетті. Ал Қазақстан халқы Елбасының өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу қажет деп тапқанда, алғашқылардың бірі болып қол қойып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарына кірісіп кетті.

  Александр Липовой, еңбек ардагері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы:

 

 

-Дәл қазір Қазақстанда Тұңғыш Президенттің орнын басатын адамды көріп тұрғаным жоқ. Елбасы ұсынған даму бағдарламалары мен стратегиялары елімізді міндетті түрде жаңа белестерге алып шығады. Қазақстанның алдыңғы орындардағы   мемлекеттермен қатарласу мүмкіндігі бар.

Александр Егоровичтың бағамдауынша, атқарылар жұмыстың қарасы мол, бағдарламалар ауқымды. Қазақстанның жетер жетістіктері алда.

Александр Липовой, еңбек ардагері, Петропавл қаласының құрметті азаматы:

– Зауыттар салынып, кәсіпорындар мен мал шаруашылығы саласы еңсесін көтерді. Қытайға жол салатын газ құбырының құрылысы басталды. Ертең-ақ Қытай ғана емес, еліміздің әр облысына газ тартатын боламыз. Жібек жолын қайталайтын жолдың ерекшелігін тағы білеміз. Аз уақытта Батыс Еуропа елдеріне тауар тасу мүмкіндігі ашылмақ.


Ардагер бұл жоспарлардың барлығына Елбасының жүйелі басқаруымен жетуге болатындығын айтады. Көпті көрген қария бірлігі жарасқан мемлекеттің сырттағы елге танылып, экономикасын өрлетуін, халқының әлеуетін арттыруын Ұлт көшбасшысымен тікелей байланыстырады.

  Александр Липовой, еңбек ардагері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы:

-Нұрсұлтан Әбішұлы тұрақтылыққа қол жеткізді. Елбасының арқасында сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге жеттік. Президентіміздің әлем лидерлері арасындағы дәрежесі жоғары.


Әсем Рахметова