Спорт

Оқу орындарында спорттың дамуына не кедергі?

 

 

 

 

Облыс орталығы мен аудандардағы  білім ошақтарының спорттық жағдайын сарапқа салу үшін дене тәрбиесі мұғалімдері, спорт клубтарының жетекшілері жиналды. Мақсат – өткен жылдың жақсы нәтижелерін  атап, кем-кетіктерін назарға алу. Былтыр жасөспірімдер арасында  «Жастар», «Ақшақар» және  «Сұңқар» ірі сайыстар өткізілді.  Барлық жиналғандардың сөзінен байқалғаны, спорттық шараларды қаржыландыру жағы  нашар болып отыр.

Идея Сейтмұхамбетова, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
-Материалдық жағдай шынымен көпшілік оқу орындарында мәз емес. Себебі қаржыландыру аз. Біз бұл мәселені шешу шараларын қолға алдық. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен қаражат алып, барлық мектептерді шаңғымен қамтамасыз етпекпіз.

Жиынның келесі бөлігі жағымды жаңалықтар мен марапаттауларға ұласты. Қалалық білім бөлімі «Ақшақар» мен «Жастар» спорттық жарысында 1-ші орынды иеленіп, кубокпен марапатталды.  Ал екінші дәрежелі диплом Аққайың ауданының өкілдеріне тиді. Жеке марапатқа ие болғандардың бірі –  Болат Смағұлов.

Болат Смағұлов, СҚО колледжінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі:
-Біздің студенттер теннис, шахмат, ұлттық ойындар бойынша жарыстарға қатысады. Жақында Азиада болады. Соған қарап біз балаларды дайындаймыз.  

Жиында жаңа жылдағы жұмыстың басым бағыттары да белгіленді.  Жақында елімізде  қысқы Азия ойындары басталады. Осыған орай  жастарды жаппай спортқа тарту мақсатында оқу орындарында Азиадаға арналған бұқаралық шаралар өткізілетін болады.

Кәусар Аяпбергенқызы