Құқық қорғау органдары

Жертөле торыған ұры қолға түсті

 

 

 

 

 

 

Ұрлық үшін бес мәрте сотталған азамат ескі әдеттерінен арылмай, бұрынғы істерін жалғастырған. Полицейлер оның жалға алып тұрған жатақхана бөлмесінің есігін қаққан кезде күдікті терезе арқылы арқанмен 3-ші қабаттан түсіп, ізін суытпақшы болыпты. Алайда сезіктінің айлакерлігін жақсы білген жедел уәкілдер  оны терезе астында күтіп тұрған.
40 жастағы Валерийге темір тор оң әсерін тигізбеген көрінеді. Адал еңбек етуді мүлдем ұмытқан баукеспе   көпқабатты үйлердің жертөлелелерін тонаумен айналысып, негізінен электр құралдарын, түсті металдан жасалған заттарды, азық-түлік  және басқа да бағалы дүниелерді жымқырған. Ұрлықтың бәрін түн мезгілінде жүзеге асырыпты. Тергеу барысында ұсталған адам құлыптарды ашуды және арнайы құралдар  жасауды темір тордың ар жағында отырғанда үйренгендігін айтты. Бүгінде ұры уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Әзірше сезіктінің 20-дан астам ұрлыққа қатыстығы анықталып отыр.

Айдана Демесінова