Бизнес және экономика

Саннан сапаға бетбұрыс

 

 

 

 

 

Техникалық реттеу және метрология департаментінің мамандары өткен жылы кәсіпкерлердің саннан сапаға ерекше бетбұрыс жасағандығын айтады. Тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді алдымен қызықтыратыны ИСО стандарты.

Бейбіт Әбілев, СҚО бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім бастығы:  

– Қазір мұндай кәсіпорындардың саны 96-ға жетті. Үш-төрт жылда 2-2,5 есеге өсті.

Қазақстандық  құрамды білдіретін ст-kz  стандартының мемлекеттік сатып алуға қатысуда  жеңілдігі бар. Өткен жылы департамент мамандары 324 тексеріс жүргізген. Бұрнағы жылдары тексеріс саны 700- ге жуықтайтын. Дегенмен жеңілдіктерді пайдаланып, сапасыз тауарды саудаға салатындар қатары азая қоймаған. Департамент мамандары 2009 жылы 18 миллион теңгенің тауары бойынша заң бұзушылықты анықтаса, 2010 жылы  37 миллион теңгенің тауары саудадан алынған. Яғни  сапа мен келтірілген ақпарат, құжаттар сай келмейді. Тексерістен қашып, жауапкершіліктен жалтарғандар да бар.

  Бейбіт Әбілев, СҚО бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім бастығы: 

Жеңілдіктерді көптеген кәсіпкерлер түсінеді. Бірақ түсінбейтіндер де бар. Өткен жылы 32 тексерісті жүргізе алмадық. Он кәсіпорынның аты өзгерген. 8-н мүлде таба алмадық.

Кеден одағына кіргелі техникалық реттеу және метрология департаменті мамандарының жұмыстары бұрынғыдан да көбейген. Бүгіндері кәсіпкерлерге нормативтік құжаттарды ресімдеуді түсіндіру қолға алынған.

Әсем Рахметова