Әр түрлі

Крещение мерекесіне дайындық

 

 

 

 

 

Осы мерекені православие дініндегілер  2000 жылдан астам уақыт тойлап келеді. Ол тазару, күнәдан арылу күні деп саналады. Мереке таңертеңгі сағат 8-де шіркеуде басталып, крест шеруіне ұласады.

 протоиерей Сергий:
 – Күндіз қаладағы православие шіркеулерінде суды тазарту рәсімі басталады. Одан кейінгісі түнгі сағат үште жалғасады. Бұл шараны қалаға арнайы келетін Костанай және Петропавл епископы Анатолий басқараты
н болады.  

Тазарудың басты кепілі, әрине, қасиетті су. Сондықтан жыл сайын осы күні Петропавлдың православие дініндегі жұртшылығы Есіл өзенінде ойылатын ойыққа қарай асығады. Шамамен 1 аптадан соң православиелік  христиандар Есіл өзеніне  жиналып, қасиетті Иордан суына шомылады. Діни сенім бойынша ол су адамға барлық күнәлардан арылуға көмектеседі.  Осы күні барлық су көздері Иордан суы деп аталады екен. Өйткені 30 жасқа келген шағында шоқынған Иса пайғамбар алғаш рет Иордан өзеніне шомылыпты.

протоиерей Сергий:
– Сол күннен бастап барлық иордандық сулар тазарып, ерекше қасиетке ие болды.
Адамдар өзенге сүңгіген кезде өз күналарын дауыстап айтуылары тиіс. Ондай су ешқашан бүлінбейді. Сондықтан 1 жыл бойы сақтауға болады.  

Қаңтардың қақ ортасына келіп тұрған діни мерекеде ауа температурасы әсте жылы бола қоймас. Сондықтан мамандар тиісті сақтық шараларын қолға алған дұрыс дейді.

  Виктор Держанский,  СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің бас маманы:
– Мұз үстіне бірден көп адамдардың шығуына жол бермейміз.
Өйткені Есілдегі мұздың қалыңдығы 40 сантиметрден аспайды. Балалар мен қарттарды  мұқият бақылаған жөн. Себебі 19-ы күні күн суық болады деп болжануда. Үсік шалу қаупі бар.  

Жүрек, өкпе ауруларымен сырқаттанған адамдардың өзенге келмегені жөн дейді мамандар.

 Кәусар Аяпбергенқызы