Қоғам

Аграрийлер референдумды қолдайды



Келмеске кеткен Кеңес Одағынан бөлінген Қазақстанның жұпыны жағдайын Геннадий Зенченко ұмыта қойған жоқ. Елбасының тұралаған халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеу бағытында қолға алған ұлан- ғайыр істеріне де куә болды. Өзі де оған қуана араласты. Өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлесін қосты.

  Геннадий Зенченко,  Еңбек Ері , “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің бас директоры:  

– Ол қиын-қыстау кезеңнен елді сүйреп алып шығып, мемлекетімізді әлем таныған державаға айналдырды. Халық барометр. Халық сайлаудың артықтығын көрді, өз ойларын білдірді. Бүгінде еліміздің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы жасалған. Ал бағдарламаны жасаған адам оны жүзеге асырсын.

Геннадий Зенченконың ойы да “халық айтса, қалт айтпайдыға” саяды. Халық басталған істің сәтті жалғасқанын, бірлік пен ынтымақтастықтың ұзақ болғанын қалайды. Еңбек Ері Президент Н.Назарбаев бастаған елдің алдағы он жылдағы жетістіктері мол болатындығына сенімді.

  Геннадий Зенченко,  Еңбек Ері , “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің бас директоры:  

-Міндетті түрде ауыл шаруашылығы дамиды. Бізде бір сиырдан жылына 8 мың литрге дейін сүт алатын шаруашылықтар бар. Сондықтан бұндай жетістік іздеп шетел асудың қажеті жоқ. Бағдарлама өзімізде бар. Тек сол бағдарламаны кең көлемде пайдалануымыз керек. Он жылда ауылшаруашылығы державасы атануымыз қажет. Біздің жағдайымызда шетелден ет алмай, керісінше жөнелту міндеті тұр.

Новоникольск селосының тұрғындары шығысқазақстандықтардың Елбасының өкілеттігін ұзарту туралы бастамасын бірден қолдаған. Аз күннің ішінде 700-ден аса қолды жинап та беріпті.

Әсем Рахметова