Әр түрлі

Болотбек Шәмшиев – 70 жаста

 

 

 

 

 

Болотбек Шәмшиев – белгілі кино қайраткері. Оның өзі айтқанындай, өнер майданындағы алғашқы қадамдары студенттік шақтан басталған. 24 жасар актердің бүкілресейлік кинематография мемлекеттік университетінде оқып жүріп жазған “Манасчи” атты дипломдық жұмысы халықаралық кинофестивальде гран-приді иеленген екен. Одан кейін жүлде мен марапаттар легі толастамады.  Алайда мерейтой иесі      жасағанымнан әлі жасарым көп дейді.  

  Болотбек Шәмшиев,  КСРО халық әртісі:
 – Мен мұнда облыс басшылығының шақыруымен өңірдегі театр, кино, телевидение саласын көтеруге келдім.
Өйткені бұл Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Иван Шухов сияқты ұлы тұлғалардың туған жері. Бұйырса алда орыс драма театрында  Иван Шуховтың «Горькая линия» шығармасы бойынша қойылым қойылмақшы.   

 Өнер тарланын білмейтіндер Қазақстанда  кем де кем болар. Солтүстік жұртшылығының ықыласы мұның айқын дәлелі. Мерейтой иесін құттықтауға қаланың шығармашылық ұжымдары мен  өнер майталмандары келді. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов Болотбек Шәмшиевке ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жолдаған құттықтауын оқып беріп, облыс халқы атынан кішігірім сый тарту етті. Актер ретінде талай киноның көркін келтірген Болотбек Төлеуұлы режиссер ретінде 16 кинокартина түсірген екен, екеуі деректі фильм. Солардың бірі және бірегейін режиссер бүгінгі қонақтардың назарына ұсынды. Актер жақында отбасымен біздің өңірімізге көшіп келіпті.

Кәусар Аяпбергенқызы