Денсаулық сақтау

Биыл тұмауратқандар жоқтың қасы

 

 

Өткен жылдың  соңғы аптасында өткір респираторлық-вирустық ауруларға шалдыққан  751 адам тіркелсе,  биылғы жылдың алғашқы аптасында 555 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Осыған қарап-ақ халықтың денсаулығы тұрғысында бұл жыл аса сәтті басталды деп пайымдауда мамандар.

Юрий Пузиков,  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
– Суық кездерде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы азаяды, балалар мектепке бармайды, қоғамдық шаралар азырақ өткізіледі.
Сол себепті жұқпалы аурулардың таралу қаупі да біршама кемиді.

Мамандар қаңтардың басынан аурудың күрт таралуын күткен көрінеді. Алайда олардың болжамдары расталмады. Бұған бір есептен аяздар  септессе, екінші жағынан былтырғы жылғы күрделі жағдай әсер еткен көрінеді.

Юрий Пузиков, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
Былтыр жұқпалы респираторлық ауруларға шалдыққандар саны ғаламдық деңгейде тым көп болды. Сондықтан ағзадағы қорғаныш күші артып, биыл ол адамдар ауырмайды. Енді бір 4-5 жылдан соң тағы сондай құбылыс қайталануы мүмкін.

Жұқпалы респираторлық аурудың қармауына түскендердің 70 пайызын балалар құрайды. Алайда тұмаудың Б типіндегі түріне қала бойынша 12 жасар 1 бала ғана шалдығыпты.  Ал халық маусымдық кеселден қорғанудың тәсілдерін жақсы меңгеріп алған.

Тұрғындар:

Мен бәлен жыл бронхитпен ауырамын. Менің кеңесім: тек малинамен ыстық шай ішіп терлеу.
Тілім тасқа, биыл ауырған жоқпыз. Дұрыс тамақтанамыз. Мұрнымызға оксолин майын жағамыз.

Кәусар Аяпбергенқызы