Балалар

Жас сарбаздар ант қабылдады

Ұлан-байтақ еліміздің әр түкпірінен жиналып, бір әскери бөлімде тағдырлары тоғысқан сарбаздар бір-біріне, жетекшілеріне бауыр басып үлгеріпті. Өз тілдерінде “әскери өмірге кіріспе” деп аталған мерзім -1 ай   сарбаздық өмірдің аса маңызды бөлігі әрі алғашқы сатысы болды.

Берік Тоқтаров,  66/37 әскери бөлім  командирінің тәрбие ісі және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
– Бұл сарбаздар әскери қызметтің бастапқы жалпы және арнайы даярлықтарынан өтті.
Дәлірек айтқанда, жедел қызмет, атқыштар, автокөлік және түзету мекемелерін күзету бөлімшелеріне бөлініп оқытылды. Олар өздеріне тиісті заттарын, 3 түрлі киім мен оқуға қажетті құралдарын алды.

Ант қабылдаудың маңызды бөлігі – салтанатты түрде әскери ту мен Елтаңбаны шығару. Қақаған аязға қарамастан бұл шара қалыптасқан дәстүр бойынша  ашық алаңда өткізілді. Ал ант қабылдау шарасының кейінгі бөлігі әскери бөлімнің шешімімен ғимарат ішінде жалғасты. Әр азамат қадап айтқан ант мәтіні олардың естерінде мәңгі сақталады. Енді бұл жігіттер өз елі мен жерінің тыныштығы, халқының амандығы үшін қасқайып тұра алатын сарбаз деген зор атқа ие. Мұндай маңызды сәтте аға- бауыр, ұлдарының қуанышына ортақтасу үшін сонау Алматы, Теміртау, Шымкент өңірлерінен жақындары келіпті.

Қайрат Дәулиев:

енің ағам бүгін ант қабылдады, ол үшін қуаныштымын. Өскенде мен де ағам сияқты Отаныма қызмет етемін.

Жетпісбай Шахаев:

ен балам үшін қуаныштымын. Борышын өтеп, аман-есен үйге оралса екен деймін.

Ал жас сарбаздар болса, өздеріне жүктелген міндетті     абыроймен атқарамыз дейді.

Асхат Тәңірбергенов, сарбаз:
Отанды қорғау біздің басты міндетіміз. Егер әскерден қашып жүргендер болса айтарым, қашпаңдар.

Руслан Сәулетай, сарбаз:
– Мен колледжді бітіріп, өз еркіммен әскерге келдім.
Қызметімді абыроймен атқарып шығамын деп ойлаймын. Басқаларға тілерім – сәт сапар.

Енді олар  бөлімшелерге  бөлініп, Отанға қызмет ету деген жауапты іске кірісетін сәтті күтеді.

Кәусар Аяпбергенқызы