Құқық қорғау органдары

Аяз қысқан кезде қылмыс саны да артты

Полиция қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ адамдар жиналатын орындарды жиі тексеріске алған. Мұндай алдын алу шаралары күннің суытуына байланысты жүргізіліп жатыр. Аяз қысқан кезде  баспанасыздар  тұрғын үйлердің шатырлары мен жертөлелерін паналайтынды шығарды. Баспана иелері  оған мазасызданып, полицияға шағым түсіруде. Себебі қаңқыбастар үй тонап, заңды жиі аттайтын көрінеді. Ал қаланың қоқыс төгетін орындары мен жылу құбырларын мекендейтіндер, керісінше өздері қылмыс құрбанына айналып жатады. Қыстың қаhарына бірінші болып ұшырайтындар да осы топтағылар екен.  

Руслан Әлібаев, Петропавл қалалық ІІБ қабылдау- бөлу мекемесі бастығының міндетін атқарушы:

– Осындай шараларды біз  күнделікті өткіземіз. Құжаттары мен мекен-жайлары жоқ тұлғаларды мекемеге жеткіземіз. Олардың қол бедерлерін алып, фото және бейне тіркеуге қоямыз, қылмысқа қатысы бар-жоғын тексереміз.

Осы жылдың басынан бері қабылдау-бөлу мекемесіне 201 қаңғыбас жеткізілген. Олардың 4-і  прокурордың  шешімімен қамауға алынды. Өткен жылы қалалық ІІБ қабылдау- бөлу мекемесінің қызметкерлері 101 қылмысты ашқан. Іздеуде жүрген 26 адам ұсталып, хабар- ошарсыз кеткен 13 адамның қайда жүргендері анықталды.

Гүлден Сәрсенбаева