Құқық қорғау органдары

Тонаушылар ұзамай ұсталды

 

 

 

 

Алғашқыда 25 жасар бойжеткен тонауға ұшыраған.  Жәбірленуші кезекші бөлімге бірден хабар береді. Сағат кешкі сегіз кезінде қыздың сөмкесін жұлып алып қашқан ұры  құрылысы тоқтап қалған ғимараттың қалқасына жасырынған. Жақында ғана түрмеден босап шыққан тонаушы  сөмкені ақтарып жатқан жерінде ұсталды. Сол күні Мир көшесінде осындай тағы бір қылмыс тіркелген. Бұл жолы да тонаушы ұзап кете алмай, тәртіп сақшыларының құрығына ілікті. Қолды болған ұялы телефон иесіне қайтарылып, қолға түскен кәмелеттік жасқа толмаған бала  ата ана-анасына тапсырылды. Аталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі жағдайда да қылмыстың ашылуына  жәбірленушілердің уақыт оздырмай, полицияға хабарласуы сеп болған.

Дана Ғизатова